Виктор Гюнтнер – Петропавл қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекшісі
– Елімізде жүргізіліп отырған бұл акцияның басты мақсаты – санитарлық талаптарды орындай отырып, халық денсаулығын қорғау және қызметтердің сапасын жоғарылату. Сонымен қатар, біз тұтынушылар мен сатушыларға түсініктеме бере отырып, өнімдердің сапасын зертхана тексерістері арқылы анықтауға болатынын түсіндіреміз.
Бүгінгі акция “Океан” және “Южный” базарларында өтуде. Аталған сауда орындарының ішінде арнайы сараптау зертханасы орналасқан. Мына бөлмеде мамандар тұтынушылар әкелген азық-түлік пен жеміс-жидек өнімдеріне сараптама жүргізіп жатыр.
Сәуле Әбілқайырова – бактериология зерханашысы
– Облыс орталығының тұрғындары сатып алған өнімдерін осы жерге әкеледі. Мысалға алар болсақ, менің қызметім – сүт тағамдарында микробтың бар-жоғын тексеру. Мына аппараттың көмегімен бұл өнімдердің сапасын 5 минуттың ішінде анықтауға болады. Одан соң талдау қорытындысы ретінде тұтынушыларға анықтама қағазын табыстаймыз.
Бұл мүмкіндікті қалт жібермеген тұрғындар зерхана орталығында ет, сүт және жеміс-жидекті тексерістен өткізуде.
– Бүгін осы рыноктан ет алғанмын. Осы лабораторияға келіп, тексеруге болады.
– Мен сауда орнынан қаймақ, май және ірімшік сатып алдым. Барлық сатып алған өнімдерімді зерханашы мамандар тексерді. Ешбір бактерия мен нитраттар табылмады.
Айта кету керек, облыс орталығының сауда орындарындағы тексеріс қыркүйек айына дейін жалғаспақ. Осы аралықта кез-келген азық-түлік пен жеміс-жидек өнімдерінің сапасын – әр сауда орындарында орналасқан сараптау зертханасында тексертуге болады.
Бакыт Садуакасов.