Білім

Петропавлдағы мектептер мен балабақшалар жөндеуге 41 млн. теңге қаржы бөлінді

Сайран Мұстафина – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің директоры

– Мектебіміздің спорт залында көптен бері жөндеу жұмыстары жасалмағандықтан, қыс айлары, жаз айлары, әсіресе жаңбырда көптеген қиындықтарды көріп жүрдік. Биылғы жылы қалалық бюджеттен мектебіміздің спорт зал шатырын жөндеуге 3 млн. қаражат бөлініп отыр. Қазіргі таңда жұмыстар басталып, қарқынды өтіп жатыр.

Спорт залының шатырын ауыстырумен “Петробайс” ЖШС-і айналысып жатыр. Мердігер қажетті құрылыс материалы да, жұмысшы күші де жеткілікті, бар шаруаны уақытылы тындырамыз, – деп отыр.

Евгений Кремнев – “Петробайс” ЖШС бас инженері

– Жөндеу шаралары қарқынды жүріп жатыр. Қарамағымызда 6 жұмысшы еңбек етуде. Шатыр ауыстыру ісін шілденің 8-і күні бастадық. Ауа райы кедергі келтірмесе, осы айдың соңында тапсыруды көздеп отырмыз.

Биыл жергілікті қазынадан облыс орталығындағы мектептер мен балабақшаларды күрделі және ағымдық жөндеуден өткізуге – 41 млн теңге бөлініпті.

Александр Иванов – Петропавл қаласы білім бөлімінің инженері

– Қазіргі таңда 13 мектеп пен 9 балабақшада ағымдық жөндеу жүруде. Оның ішінде 3 мектеп күрделі жөндеуден өтпек. Аталған нысандар 1 қыркүйекке дейін тапсырылатын болады.

Облыс орталығындағы білім беру мекемелері мен балабақшалардағы күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары тамыздың аяғына дейін жалғасады.

Бакыт Садуакасов.