Ауыл шаруашылығы

«ХПК Петропавл-Астық» ЖШС жаңа астықты қабылдауға дайын

Серік Қашағанов- «ХПК Петропавл-Астық» ЖШС директоры

– Биыл біз барлық корпустарда шатырды жөндедік. Онымен қоса, кептіргіш қондырғы мен барлық құрылғылар мен техниканы ағымдық жөндеуден өткіздік. Зертхана мен өлшегіш құралдар мемлекеттік тексерістен өтті. Биыл біз қатты бидай тұқымдарын да қабылдамақпыз. Тауар өндірушілерге айтарымыз, біз бағаны өсірмейміз. Сол қалпында қалады.

Қазіргі күні облысымыздың барлық элеваторларында 2014 жылдың астығын қабылдауға дайындық шаралары қызған. Шілденің 18-і мен тамыздың 12-сі аралығында нан сақтау орындарын арнайы комиссия тексермек. Биылғы жаз жауын- шашынға сараң болмады. Сондықтан ылғал мол. Сол себепті мамандар ең алдымен, бидай кептіргіш құрылғылардың үздіксіз жұмысына назар аудармақ.

Әбілхан Бижанов- СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

– Соңғы жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, 2012-ші жылы элеваторларда 63 пайыз бидай кептірілсе, 2013 жылы 85 пайызға дейін кептірілді. Биылғы ауа райы да соған сай келіп тұр.

Жалпы өңірде лицензиясы бар 56 нан қабылдау орны жұмыс істейді. Олар 3,5 млн тонна астықты сақтауға қауқарлы. Десе де, бүгіндері әлі сыймдылығы 700-800 мың болатын элеваторларға деген қажеттілік бар. Бұл мәселелер алдағы уақытта шешімін таппақ.

Әбілхан Бижанов – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

– Бүгінде біздің астық сақтау қоймаларының облысымызда жиналған нанды толық сақтауға мүмкіншілігі бар. Бірақ өткен жылдан қалған және үкіметтік резерв астықтарын орналастыру қажет. Биыл облысымызда 7 элеватор іске қосылмақ. Жалпы сыйымдылығы 29 мың тонна. Бұл мәселе осылай шешіледі деп ойлаймыз.

Бүгіндері элеваторларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелері де шешілуде.

Магжан Ахмадина.