Қоғам

Судың да сұрауы бар

Арман Сауытов- «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры

– Бұл құрылғы көпқабатты үйлердің пәтерлеріне тартылған кәріздік құбырды ажыратуға арналған. Бізде 2-3 ай, жарты жыл, жылдап коммуналдық ақыны төлемейтіндер бар. Солармен күресудің бір амалы. Біз пәтерге кірмей-ақ, қондырғының мониторында және басқару тетігінде орнатылған бейнебақылау камерасы арқылы керек пәтерді тауып, кәріз құбырын жауып тастаймыз.

Бұл әдісті Петропавлдықтарға дейін Алматы, Астана, Қарағанды қалаларының коммуналдық кәсіпорындары қолданыпты. Петропавлда аталмыш қондырғы 15 тамыздан бастап іске қосылмақ. «Қызылжар су» серіктестігіндегілер бұл шара 3 айдан астам уақыттан бері қарыздарын төлемей келетін қалалықтарға қатысты қолданылатынын айтады.

Арман Сауытов- «Қызылжар су» ЖШС техникалық директоры

– Біз бұл әркетті қолданар алдында 3 күн бұрын міндетті түрде тұтынушыларға ескертпе қағаз жіберіп отырамыз. Ал борышкер ақысын төлеген күні-ақ біз құрылғыны алып тастаймыз. Оны орнату да, алып тастау да оп- оңай.

Жалпы қазіргі күні тұрғындардың кәсіпорын алдындағы дебиторлық қарызы 21 млн. теңгені құрап отыр.

Магжан Ахмадина.