Спорт

“Қызыл-Жар СК” өз алаңында жеңіліс тапты

Жергілікті аяқдоп шеберлері Роман Багаутдинов қорғаған қақпаның осал жерін тек 81 минутта ғана таба білді. Сөйтіп, ойынға тыңнан қосылған Әсет Қабдоллаев есепті теңестірді.

Дегенмен, Владимир Линчевский шәкірттерінің қуанышы көпке созылған жоқ. Ойынға төреші қосқан 4 минуттың алғашқысында словениялық жартылай қорғаушы Борут Семлер оралдықтардың қанжығасына 3 ұпайды алып берді. Ойын қонақтардың пайдасына 1:2 есебімен аяқталды.

Владимир Никлевич – “Қызыл-Жар СК” командасының капитаны

– Үйде ұтылғанымыз өкінішті әрине. Ойынның аты ойын. Қорғаныста көп қателікке бой алдырып, 2 гол өткізіп алдық. Жанкүйерлер бізге үлкен қолдау көрсетіп, гол соқтыруға асықтырды. Алайда сәттілік жетіспеді. Алда әлі 14 ойын бар, барлығы жақсы болады деген ойдамыз.

“Қызыл-Жар СК” командасы тамыздың 2-і күні аталған құрамамен сырт алаңда да кездеспек.

Риат Шони.