Қоғам

Петропавлда әулие апостол Петр мен Павл күніне орай крест шеруі өтті

Крест шеруіне ілескен православтық христиандар Н. Погодин атындағы орыс дарама театрының маңына аялдап, сол алаңда құдайға мінажат қылып, құлшылық етті.

Діни шараға қатысқан барлық қала тұрғындарының тілегі бір, олар елімізде орнаған тұрақтылық пен бейбітшілік мәңгілік болсын деп дұға тіледі.

– Бұл қаламызда өткізіліп отырған айшықты діни мейрамдардың бірі. Барлық қалалықтарға денсаулық, бейбіт өмір тілеймін.

– Петр мен Павл күні біздер үшін үлкен мереке ретінде саналады. Бұл шеру – елімізді мекен еткен ұлттардың татулығын көрсетеді.

Бақыт Сәдуақасов.