Құқық қорғау органдары

Отбасылық жанжал 21 пайызға азайыпты

Қайсар Қанафин – СҚО ІІД ӘПБ аға инспекторы

– Былтырғы жылы 19 қылмыс жасалса, биыл 15 қылмысқа төмендеттік. Сонымен қатар әкімшілік құқықбұзушылықтың 75-те 5-ші бабы бойынша тұрмыста құқықбұзушылық жасаған 1700 астам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы мақсатта әйелдер зорлық-зомбылығын қорғау инспекторлары мен учаскелік инспекторлар бірлесіп, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен алдын алу бойынша рейд шараларын апта сайын өткізіп тұрады.

Қорғау қағазының пайдасын Игорь Харобрыхтың жанұясы да сезінген. Бір ай мерзімге толтырылған ескерту қағазы маскүнемдікке салынған ер азаматтың 11 жыл бойы отасқан жанұясын сақтап қалыпты.

Игорь Харобрых

– Мен жақында жұбайыммен сөзге келіп, жанжалдасып қалдым. Ол үйге учаскелік инспекторларды шақырды. Алдағы уақытта бұндай жағдай қайталанбайды.

Алайда, төбелесқойлар түгел дерлік түзу жолға түсе қоймаған. Мына отбасында үйдің шырқын бұзатын – 34 жастағы петропавл тұрғыны. Құқық қорғаушылар оған қатысты бірнеше мәрте әкімшілік жаза қолданыпты. Соңғысынан кейін жанжалқой тіпті, 15 тәулікке қамауға алынды.

Людмила Кирпичникова

– Әбден мазамыз қашты. Балам күйеуіміз екеуімізге күш көрсетіп, үйде жиі шу шығаруды бастады.

Айта кету керек, отбасының шырқын қашыратын әр төбелесқор ішкі істер органдарына есепке қойылады. Егер ондай жандар жанұясында жиі жанжал шығарса, қамауға алынады не болмаса айыппұл төлеуге мәжбүрленеді. Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер 975 қорғау қағазын жазып, 1700 құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарқан.

Бақыт Сәдуақасов.