Билік

Өңір басшысы облыс орталығындағы 2 шағын ауданда болып қайтты

Айман Сәрсекеева – “Орман” шағын ауданының тұрғыны

– Біз 2008 жылы өз пәтеріміздізді сатып осында үй салдық. Енді, қыс келсе болды пәтер жалдаймыз. Өйткені, жылу болмағаннан кейін үй суық, іші қараңғы. Мәселемізді айтып шағымданбаған жер қалмады. Проблеманы облыс әкімі шешіп береді-ау деген үміттеміз.

Мұнда 30-дан астам үй бар. Көбісі баспанада жарық болу үшін генераторды қолданып келген екен. Оның өзіне күніне 10 литр бензин кетеді. Сөйтіп, 7 жыл бойы түйіні тарқамаған мәселе бір күннің ішінде шешілді. Өңір жетешісі жуық арада электр энергиясының әрбір үйге жеткізілетінін айтты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Здесь разводящие сети есть? – Есть. – Тогда мы подаем электроэнергию за 2-3 дня на испытанные сети. На стальных сетях проводим испытание и остальные дома получат свет в течении 15 дней. И никаких проблем не будет. Даю такое поручение, в эту сторону работать будем.

Бұдан кейін облыс әкімі “Солнечный” кентіне соқты. Қыстақ тұрғындары өңір басшысына жолығып, жолды түзетіп беруді сұраған екен. Өйткені, лай балшықпен жүруге 27-ші бағыттағы шағын автобустың жүргізушілері бас тартқан. Тұрғындардың бұл бұйымтайы да ескерілді.

Гүлназ Сейдахметова – “Солнечный” кентінің тұрғыны

– Жол болмаған соң 27-ші маршрут кірмей қойды. Сонан соң балаларымыз мектепке бара алмай біраз қиналдық. Енді, қазір жолды жасатты, 27-ші маршрут мезгілімен жүріп жатыр. “Солнечный” кенті тұрғындарының атынан әкімшілікке алғыс айтамын.

Сондай-ақ, Тенистая және Дачная көшелерінің арасындағы бұрылыспен көліктер екі жақтан да келетінін байқаған облыс әкімі Ерік Сұлтанов тиісті жол белгісінің жоқтығын қатты сынға алды.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Почему допускаете такие вольности. Здесь опасный поворот, машины двигаются с двух сторон. Нельзя так оставлять. Сегодня же поставьте знаки. Я вечером проверю.

Облыс әкімінің тапсырмасы мүлтіксіз дәл сол күні орындалды.

Данаш Хамзина.