Қоғам

Мүгедектерді қолдау

Игорь Коновалов – үйлестіруші

–  Біз “Сорос-Қазақстан” қорына өтініш білдіріп, ол арқылы біздің өтінішімізді мақұлдап қажетті қаражат бөлген болатын. Осы тренинг-сабақтар әр тұлғаның жетілуіне, өзіне қажетті жұмыс табуына көмегін береді.

Таскера Насырова – алғашқы жаттығу сабақтарының қатысушысы. Ұйымдастырушыларға алғысы шексіз. Айтуынша, тренинг оның өзіне деген сенімін ұлғайтқан.

Таскера Насырова – жаттығу сабақтарының қатысушысы

– Менің ойымша осындай жаттығу сабақтар мүмкіндігі шектеулі жандарға ауадай қажет.

Тренингте кембағал жандардың білім көкжиегін, дүниетанымын кеңейтуге бағытталған дәрістер оқылды. Мүгедектерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, заң беретін мүмкіндіктер жайлы да айтылды.

Жаттығу сабағына еліміздің спорт саласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген спорт шеберлері де қатысты.

Сергей Харламов – мүгедектер арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионы

– Мында менің көптеген достарым бар. Біз әңгімелесеміз, ойнаймыз.

Полина Мудрова – гимнастшы қыз

– Маған жаттығу сабақтары өте ұнайды. Мұнда қызықты.

Жаттығу сабақтары аяқталғаннан кейін әр қатысушы сертификатқа ие болады. Тренингке қатысуға ниетті жерлестеріміз болса Абай көшесі 64 үй, 102 кабинетке келіп жазылуына болады.

«Солтүстік Қазақстан облыстық “Қамқор” мүгедектер қоғамы” ҚБ Абай көшесі 64, 102 каб. тел. 36-59-53

Риат Шони.