Балалар

Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу

Нұртөре Әбдімәжит, демалушы

– Мұнда маған орманның таза ауасы ұнады. Мен өзіме көп дос таптым. Мұнда ойындар көп, әр күнді жақсы өткізуге болады екен.

“Ақ қайың” лагерінде 1-ші, 2-ші маусым жаздың жайма шуақ күндеріне тұспа-тұс келді. Сол себепті алдыңғы кезеңдерде демалған 410 бала үйлеріне жақсы көңіл-күймен қайтыпты.
Десе де, педагогтар құбылмалы ауа райына қарамастан, балалар табиғат аясында жақсы демалуына барлық жағдай жасаймыз деп отыр.

Светлана Ушакова, “Ақ қайың” балалар жазғы сауықтыру лагерінің жетекшісі.

– Балалардың іші пыспайды. Біз оларды өзгелермен жақсы араласуы үшін топтық ойындарға тартамыз. Алаңымызда батут, түрлі атракциондар жұмыс істеп тұр. Осы маусымда білікті тәрбиешілер жұмысқа тартылды.

Бір маусым 12 күнге жалғасады. Осы аралықта балалар түрлі спорттық, меркелік шараларға қатысады. Бәрінен бұрын оларға әсіресе мына атракцион көбірек ұнады.

– Мені мұнда концерттер мен би кештері қызықтырды. Балалар көп. Кеткенше оның бәрімен достасамын.

– Тамыз айының соңына дейін аталмыш демалыс орнында 1050 бала тынығады деп күтілуде.

Берик Касен.