Мәдениет

Жас суретші Салтанат Самаева болашағынан үлкен үміт күттіреді

Салтанат Самаева – Өнер колледжінің студенті

–  Көрсетілген туынды А2 форматына салынған. Бұнда мен тек қана қарындаштың көмегіне жүгіндім. Әр түрлі саздылық пен пластика байқалады.

Ал мынау сурет ең ұзақ уақытты талап еткен туындыларының бірі.

Салтанат Самаева – Өнер колледжінің студенті

–   Бұл суретті мен 3 курс оқып жүргенде ұстазыммен бірге салдым. Ең ұзақ уақытты талап етті. Оқу жылының жартысына дейін салдым.

19 жасар Салтанат сурет салумен 12 жасынан бастап айналысады. 7 жылдың ішінде жас қыл қалам шеберінің туындылары ауыз толтырып айтарлықтай.

–  Бұл туындыда жас қыл қалам шебері қаламыздағы демалыс саябағын бейнелеген. Бұл суреттің өзгелерден ерекшелігі май бояуымен салған алғашқы туындысы болып табылады.

Жоғарғы оқу орнына түсіп, өнерімді ары қарай шыңдаймын дейді суретші қыз.

Салтанат Самаева – Өнер колледжінің студенті

–  Колледжі аяқтағаннан кейін Қазақстан аумағындағы жоғарғы оқу орнына түсіп, өнерімді ары қарай шыңдаймын. Болашақта Әбілхан Қастеев сияқты атақты суретші болуға тырысамын.

Сурет салудан бөлек Салтанат сәндік-қолданбалы өнерменде айналысады.

Риат Шони.