Қоғам

Шілденің 13-і Қала күні аталып өтеді

Мәлика Шайкенова, М.Ломоносов атындағы ММУ студенті, Мәскеу қаласы

– Туған қалама жыл сайын келуге тырысамын. Өйткені, менің бақытты балалық шағым осында өткен. Содан болар, маған өте ыстық. Жанға жылу сыйлайтын қонақжайлылығымен сағындыртады. Шаһардың тұрғындарын мерекемен шын жүректен құттықтаймын.

Қала күнін кең ауқымда атап өту жоспарланып отыр. Солтүстікқазақстандықтар үшін сән-салтанаты жарасқан мерекелік бағдарлама әзірленуде. Сол себепті, шілденің 13-і сағат 11-ге қарай орталыққа келсеңіз күні бойы көп қызықтың куәсі боласыз. Той-думан кешке де жалғасын таппақ.

Меруерт Асқар – Петропавл қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері

–  Мерекелік іс-шара екі алаңда өткізіледі. Олар: Орталық алаң және Мәдениет және демалыс саябағы. Сағат кешкі 5-тен 7-ге дейін ересектерге арналған ретро-фестиваль өтеді. Кешкі сағат 8-ден бастап жастарға арналған “Меніңтсүйікті қалам” шарасы өткізіледі.

Бұл күні балалар да назардан тыс қалмайды. Балғындар саябақта ән тыңдап, би билеп, түрлі көңілді ойындарға қатыса алады. Бүлдіршіндерге арналған шаралар сағат 3-те басталмақ.
Негізі, сұхбат алған азаматтардың барлығы да бұл күні орталықта өтетін той-думанды көруге асық. Қызықты өтетіндігінде күмән жоқ дейді.

Данаш Хамзина.