Өңірімізге Астана және Қазақстан митрополиті Александр келді

Аптадағы маңызды жаңалықтар

17:41 11 Шілде 2014

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

–  Бүгіндері облыста православ сенімдегілер үшін 27 шіркеу мен храм жұмыс істейді. Өңір православтықтары аймағымызда келісім мен бейбітшіліктің сақталауына зор үлес қосып келеді. Сондықтан дін өкілдері билік пен рухани бірлестіктер арасындағы ауызбіршілікті сақтауда зор еңбек атқарады.

Кейін Астана және Қазақстан митрополиті Александр Петропавл және Булаев епархиясының жаңа епископын таныстырды.

Александр- Астана және Қазақстан митрополиті

Владимир епископты барлықтарыңыз жақсы танисыздар. Ол осы жерде қызмет атқарған. Сондықтан ол Елбасы саясатын және Гурий епископ салып кеткен сара жолды жалғастырып, діни саясатты жақсы жүргізеді деген үміттемін.

Жиын соңында Ерік Сұлтанов пен Астана және Қазақстан митрополиті Александр өзара сыйлықтармен алмасты.

Магжан Ахмадина.