Қоғам

Әкім бол, халқыңа жақын бол

Сайран Байдалина- Тимирязев селолық округының әкімі, Тимирязев ауданы

– Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары әрине қиын болды. Жалақы, свет болмады. Мұғалімдердің жалақысын, зейнетақыны, басылымдарды өзіміз әкеліп беретін кездер болған. Қазір бұл мәселелер шешілген. Қазіргі әкімдердің міндеті шаруа қожалықтармен, серіктестіктермен тығыз жұмыс жасау.

Бүгіндері кей ауылдардың жағдайы әлі де болса, ақсап тұр. Су, жол мәселелері елді- мекен басшыларын да мазалайды. Бірақ, ауылдықтардың мәдениет,спорт саласында айтарлықтай жетістіктері бар дейді Қостанай облысы Арқалық қаласы Восточное ауылының әкімі- Сәуле Байқадамова.

Сәуле Байқадамова- Арқалық қаласы Восточное ауылының әкімі, Қостанай облысы

– Ауыл тұрғындары ештеме істемеймін деп айтпайды. Бірақ кей кездері кепіл жағы қиындау болады. Сол шешілсе жақсы болар еді. Мәдениет саласында біраз жетістіктер бар, ансамбльдер құрдық. Спортта да спартакиадалаоға барып тұрамыз. Серіктестіктер көмектеседі.

Бүгіндері еліміз бойынша селолық округ әкімдерінің 11 пайызын нәзік жандылар құрайды. Олар да ерлермен қатарласып, ел үшін маңызды мәселелерді шешуде аянбай еңбек етуде.

Рашида Нәубетова- БҰҰ дамыту бағдарламалары гендерлік жобасының менеджері

– Оларға қзіргі күні елімізде бар инновациялық механизмдер, түрлі бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы айтылады. Осының барлығы әйел әкімдердің потенциалын арттыруға септеседі. Басқарудың жаңа тетіктерін меңгеретін болады.

Өткен жылы нақ осындай семинарлар Батыс аймақтар үшін өткізіліпті.

Магжан Ахмадина.