Спорт

Владимир Эрман Польшада Қазақстанның әнұранын шырқатты

Владимир Эрман – мүгедектер спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері

–  Жақсы өнер көрсеттік, керемет деп те айта аламын. Көрсеткіштерімізді де жаңарттық. Жеңу үшін бардық, жеңіспен оралдық. Алда әлі Азия ойындары бар. Соған мықтап дайындалу керек.

Щецинедегі жарыс қазанның 18 мен 24 аралығында Оңтүстік Кореяда өтетін Азия ойындарына іріктеу сын болып табылады. Алдағы мақсатым – шеберлігімді ары қарай шыңдап, еліміздің әнұранын әлемге шырқату дейді мүмкіндігі шекетулі спортшы.

Владимир Эрман – мүгедектер спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері

– Негізгі мақсатым – әлем біріншілігіне жолдама алу. Сондай нәтижеге қол жеткізу үшін дайындықты үдете түстік. Қазақстанның намысын қорғап, әнұранын әлемге шырқатамын деп сенемін.

Қаламызда Владимир Эрман секілді спортшыларға «Үміт» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» бар.

Вячеслав Латышев – «Үміт» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры

–  «Үміт» мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы 2013 жылы ашылды. Біз мамыр айынан жұмыс істей бастадық. Ол кезде клубта 32 спортшы болған. Ал қазір қатарымызда 111 спортшы, 14 жаттықтырушы мұғалімдер бар. Ең басты мақсатымыз – жас шектеуінсіз, спорттық нормаларды орындамай-ақ жұмыс атқару.

Қазіргі таңда бұл спорт клубындағы 6 мүмкіндігі шектеулі спортшы Азия ойындарына дайындық үстінде.

Риат Шони.