Балалар

Қарт майдангерлерге демеу

Амангелді Ғазизов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы

– Ардагерлерге қазір көмек керек. Қаражатан басқа ол кісілердің ақылдарын тыңдап оларға барынша демеу болуымыз керек.

Биыл 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге жалпы сомасы 27 млн. теңгенің бір реттік жәрдем ақысы берілген. 2015 жылы Ұлы жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай мемлекеттің көмегі 34 млн. теңгеге дейін өспек.

Бір қынжылтарлығы, көбінесе көне көз қарияларымызды тек мерекелік күндерде ғана еске аламыз. Ал қалған күндері олар қоғамның назарынан тыс қалып жатады.

Азамат Шәймерденов, “Жас Отан ” ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы

– Әдетте, 9 мамыр мерекесі қарсаңында жаппай ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Ал мереке өткен соң, ардагерлерді ұмыт қалдырып, олардың есігін де қақпайды. Біз, жастар ардагерлерді жыл бойына ұмытпауымыз қажет.

 

Үстіміздегі жылы қыркүйек айында өңірімізде “Ардагерлерді ардақтайық” атты іс-шара өтеді. Оған “Жас Отан” мен “Жас Ұлан” ұйымдарынан шамамен 4000-ға жуық адам ат салыспақ. Жастардың мақсаты – Жеңісті күндерді жақындатқан майдангерлерге барынша қамқорлық көрсету.

Берик Касен.