Қоғам

Преснов топтық су құбырының құрылысы басталады

Альфредо Виторино – “СМП-610” ЖШС құрылтайшысы

 

– Біз құрылыс жұмыстарын бастау үшін рұқсат күтіп отырмыз. Негізі, жұмыс күші дайын. Келесі аптаның соңында кірісіп кетуіміз мүмкін. Шарт бойынша 5 жыл 6 ай ішінде аяқтауға тиіспіз.

Португалдықтар елімізге алғаш рет ат басын тіреп отыр. Қазақстан – экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мемлекет, инвестиция салу жағынан тартымды дейді. Айта кету керек, Преснов топтық су құбырын жаңғыртудың нәтижесінде 19 елді мекен таза ауыз сумен қамтылады.
Ал, Соколов топтық су құбырының құрылысы аяқталуға жақындап қалды. Бұл да “Ақ бұлақ” бағдарламасының арқасында салынып жатқан нысан.

Серік Шәріпов – “Caspian Contractors Trust” ЖШС жобасының жетекшісі

– Біз нысанды биыл тапсыруды жоспарлап отырмыз. Жөндеу жұмыстарына 200-ге жуық адам мен 30-дан аса техника жұмылдырылды. Құрылысқа бөлінген жалпы 3 млрд. 700 млн. теңгенің 2 млрд-тан астамы игерілді. Болашақта тіршілік көзімен 33 елді мекен қамтылады.

Негізі жер астындағы құбырлардың дені Кеңес үкіметі кезінде салынған екен. 25 жылға арналған темір дүниенің әбден тозығы жеткен.

Серік Ысмайылов – «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Есіл су» филиалының директоры

– Облыстық әкімшілікте болған отырыста облыс әкімі өз тарабымыздан Үкіметке жылына 6 млрд. теңге ақша бөлінсе деген сұрақ қоямыз деді. Өйткені, бұл – күрделі тірлік, жұмыс өте көп. Одан басқа Ишим топтық су құбыры бар, әлі Булаев топтық су құбыры бітпеген. Соны еретерек бітіреміз деген ойымыз бар. Өйткені, Елбасының тапсырмасы бойынша 2020 жылы барлық жұмыс бітуі қажет.

Жаңадан салынып жатқан құбырлар пластиктен жасалған. Бұлар енді 50 жылға шыдауы тиіс.

Данаш Хамзина.