Спорт

Облысқа Сидней олимпиадасының чемпионы Ольга Шишигина келді

Олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөсіпірімдерге арналған жеңіл атлетикадан спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Олег Кондратьев халық қалаулысына өздерін алаңдатқан бірқатар мәселенің шетін шығарып берді. Ол спорттық мектептерге келушілердің жасын бұрынғыдай 23-ке дейін көтеру қажет дейді. Өйткені, 18-ге дейін тәрбиеленушілердің дені спорт шебері атағына қол жеткізіп үлгермейді, ал бұл жастан соң көпшілігі спорттан қол үзіп жатады. Депутат мәселенің дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заң жобасында шешілетінін айтты.

Ольга Шишигина, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

–  Жаңа заңнамалық актінің жобасы дайындалып жатыр. Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мәселеге назар аударуға уәде берді. Яғни, бәрі бұрынғыдай болмақ.

Сондай-ақ, Ольга Шишигина мүгедек спортшы Владимир Эрманмен де кездесті. Мейман жерлесіміздің жүзу спортындағы жетістіктері мен жоспарларын сұрап білді.

Жеңіл атлет Владимирге әлі де болса жаңа белестерді бағындыру қажет. Өйткені паралимпиада ойындарының жеңімпаздары да мемлекеттен көмек ретінде пәтер алуға мүмкіндіктері бар дейді.

Владимир Эрман, мүгедектер спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері

– Я постараюсь на азиатских играх занять место, чтобы чаще звучал гимн Казахстана

Кездесу соңында Ольга Шишигинаға облыстағы спорттық нысандардың жағдайы туралы толық ақпарат ұсынылды. Бұл жерде аймақтың спорттағы жеңістері көрініс тапқан. Бұдан соң халық қалаулысы спортта дарынды балаларға арналған мектеп- интернаты мен Құлагер иппадромында болды.

Ахметова Бану.