Спорт

Ғабит Мүсірепов ауданында “Ақ бидай-2014” жазғы спорттық мерекесі өтеді

Александр Кувшинов – жоғары санаттағы ұлттық төреші, “Ақ бидай-2014” жазғы спорттық мерекесінің бас төрешісі

– 11 мен 13-ші шілде күндері Новоишим ауылында “Ақ бидай” жазғы спорттық мерекесі өтеді. Спортшылар волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, шашки, оқ ату, еркін күрес, үстел теннисі, қол күресі, жеңіл және ауыр атлетика, гір көтеру және басқа да спорт түрлері бойынша сынға түседі. Бұл сайыстарда бастапқы іріктеуден сүрінбей өткен құрамалар күш сынаспақ. “Ақ бидай” жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған облыстық құрама республикалық сайысқа қатыса алады.

Әзірге, іріктеу сындарында Қызылжар, Ғабит Мүсірепов және Тимирязев аудандарының құрама командалары алдыңғы орында келе жатыр. Айта кеткен жөн, былтырғы жарысты өз жерінде ұйымдастырған тимиряздықтар, бірінші орынды қанжығаларына байлаған еді. Бас төреші жылдан жылға қатысушылардың саны артып, спортшылардың шеберліктері де шыңдалып келетінін айтты.

Александр Кувшинов – жоғары санаттағы ұлттық төреші, “Ақ бидай-2014” жазғы спорттық мерекесінің бас төрешісі

– “Ақ бидай” спорттық сынына қатысқысы келетін жастардың қатары артып келеді. Мұндай жарыстар бұқаралық спортты жандандыруға септеседі.

Ақ бидай жарысында биыл велосипедшілердің де шеберліктері сыналады. Спорттың бұл түрі жарысқа тұңғыш рет енгізіліп отыр. Жалпы, спартакиаданың салтанатты ашылуы сенбіге жоспарланған.

Бакыт Садуакасов.