Білім

Ауыл шаруашылық саласына жоғары білімді кадрлар қажет

Шолпан Каринова, СҚО білім басқармасының басшысы

– Ауыл шаруашылығының қарқынды дамып келе жатыр. Осы саладан білікті, білгір мамандарды даярлау әрине білім саланың алдына үлкен мақсаттар қояды. Біздің облыс аграрлық өңір болғандықтан, Ресей мен Қазақстан елдеріндегі 2 білім мекеменің арасында ынтымақтастық орнатылды. Бұл Ресейдегі Түмен университеті және біздің өңірдегі Есіл ашыл шаруышылық коллелджі. Аталған білім ошақтары бірлесіп, біздің өңірге біліктілігі жоғары кадрлар даярлайды деген үміттеміз.

Бейімбет Бұғасов, Жәлел Қизатов атындағы Есіл ауыл шаруашылық колледжінің директоры

–  Қашықтықтан жоғары білім алудың ерекшелігі сол. Мұнда студенттер Түмен қаласына бармай-ақ, ғаламтор арқылы 3 жыл бойы Түмен аграрлық университетінің оқытушы, профессорларының дәрістерін тыңдап, тапсырма алып отырады. Тек мемлекеттік емтиханды Түмен қаласына 2 рет барып тапсырады.

Бүгінде қашықтықтан оқыту орталығы арқылы 58 теріскейлік ветеринария, агрономия, агроинженерия мамандығын игеріп шықты.

Александр Лящев, Түмен Аграрлық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры

– Түмен аграрлық университетіне биыл 55 жыл толды. Осы уақыт аралығында біздің оқу ошағы мол білім мен озық тәжірибелер жинақтады. Енді біз ол білммен өзге елдермен бөліскіміз келеді.

Айгерім Кушекбаева Есіл ауыл шаруашылық колледжінің түлегі. “Ветеринар” мамандығы бойынша арнаулы орта білімі бар. Покровка селосында тұратын Айгерім бүгінде үйінен алысқа ұзамай қашықтықтан жоғары білім алғанына қуанады.

Айгерім Кушекбаева, Түмен Аграрлық университетінің түлегі, Покровка селосының тұрғыны

– Ветеринария бөлімінде 24 түлек оқуларын ойдағыдай бітіріп, диплом алып жатыр. Оқу біз үшін қиын болған жоқ. Түмендегі мұғалімдер түсінбеген тақырыптарымызды қайта түсіндіріп, диплом алуымызға біраз көмек берді.

Ал, Есенгелді Алпыспаев жас кезінде ветеринар мамандығы бойынша колледжде оқып, 18 жыл мал дәрігері болып еңбек еткен. Бірақ жоғары білімнің болмауынан ол қысқартуға легіп, жарты жылдай жұмыссыз жүрген. Ағамыз 40-тың қырқасына шықса да, жоғары білім барлық салада қажет. Онсыз жұмыс табу қиын және іс те өрге баспайды дейді. Ол қашықтықтан жоғары білім алу үшін Пакровкаға Петропавл қаласынан арнайы келіп оқып жүрген.

Есенгелді Алпысбаев, Түмен Аграрлық университетінің түлегі, Петропавл қаласының тұрғыны.

– Негізі қашықтқтан оқыту түрі ыңғайлы екен. Оған қоса бізге білімді жоғары білімді профессорлар берді. Түменге барып, хирургия мен жұқпалы аурулар бойынша 2 мемлекетік емтихан тапсырдық. Мен кәрі болсам да жоғары білім маған өте қажет.

Қазір 140 адам қашықтықтан “Орман шаруашылығы”, “Эконоика”, “Бухгалтерлік есеп және аудит” мамандықтары бойынша жоғары біліп алуда. Бір жылдық оқудың ақысы 170 мың тг-ні құрайды. Жыл сайын аталған мамандықтарға сұраныс артып келеді. Келешекте тағы “Су биоресурстары мен аквамәдениет”, “Агрохимия мен агротопырақ тану” мамандықтары пайда болады.

Берик Касен.