Салық басқармасы

2014 жылдың шілдесінен елімізде электрондық есеп-фактуралары қолданысқа енгізілді

Лилия Әбілева- Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы

– Оны жазғызып алу үшін электрондық шот- фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушы ретінде тіркелу керек. Кейін ұлттық орталықтың кілтін халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алу қажет.

Салық төлеушілер үшін электрондық есепшот фактураларын енгізудің бірқатар басымдықтары бар. Ең негізгісі, қағаз есепшоттар жазып беру кезіндегі шығындар қысқарады.

Лилия Әбілева- Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы

Артықшылақтарына келер болсақ, есепшоттарды жазғызып берудің мерзімі 5 күнен 10 күнге дейін ұзарады. Артық қағазбастылықтан арылтады. Қағаз жүйе болғанда, онда міндетті түрде бастықтың, есепшінің қолы болу керек болатын. Олардың соңынан жүріп, көп уақыт кететін. Сондықтан, электрондық нұсқада берген ыңғайлы. Сатып алушы немесе кез келген салық төлеушінің орналасқан жеріне қарамастан, электрондық есепшот-фактурасы сол мезетте ақ оның электронды поштасына келеді.

Айта кету керек, электрондық шот-фактураларын қолдану тегін.

Магжан Ахмадина.