Қоғам

Тұтынушылардың құқығын қорғау

Евгений Политкин, “Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы” АҚ бас директорының міндетін атқарушы

–  Электр, жылуды тұтынатын өңір азаматтарына айтарым, техникалық шарттарды рәсімдегенде делдарға жүгінбеңіздер. Олар бұл үшін ақша алады. Ал бұл заң талаптарына сәйкес, тегін көрсетілуі тиіс қызмет түрі. Сондықтан, өтініштеріңіз бен құжаттарыңызды тұтынушыларға қызмет көрсету орталығында ғана рәсімдеңіздер.

Техникалық шарт тұтынушылар электр не жылу желілеріне қосылған кезде рәсімделеді. Өтініш 7 жұмыс күні ішінде қаралады.

Рафис Аслямов, тұтынушы

– Мен 1 фазалы электр есептегіш құралын сатып алдым. Оны енді бағдарламалау үшін осында алып келдім. Өтінішімді тез қабылдады. Бірақ олар өтінішті бір апта ішінде қарап бергенше, қалада бола алмаймын. Өйткені мен шалғайдағы ауданнан келдім.

 

Орталықта “Петропавл жылу желілері” серіктестігінің де бірнеше қызмет түрі ұсынылған.

Берик Касен.