Спорт

Солтүстікқазақстандық қол күресімен айналысатын шеберлер 4 алтын алқа еншіледі

Алексей Баталов – қол күресінен Азияның үш дүркін жеңімпазы

– Мен 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, жеңімпаз атандым. Қарсыластарым осал емес. Дайындықтары мықты. Менің салмағымда 2-і және 3-і орынды жапондық қол күрес шеберлері алды. Финалдық бәсеке оңайға түскен жоқ. Бұл менің алғашқы жеңісім емес. Бұған дейін мен Азия жарыстарын үш рет бағындырғым. Алдағы мақсатым – Қазақстан чемпионатын ұтып, әлем чемпионатына жолдама алу.

Бұл жеңіспен тұйықталып қалмаймыз дейді қол күресінен СҚО-ның жаттықтырушысы Олег Чегодаев.

Олег Чегодаев – қол күрестен СҚО жаттықтырушысы

 

–  Біздің алдағы мақсатымыз – ағымдағы жылы қыркүйек пен қазан айларында өтетін Польшадағы әлем чемпионатына жолдама алып, лайықты өнер көрсету. Ондай деңгей жоғары болатыны айдан анық. Сол себепті де біз жаттығуды тоқтатпаймыз.

Келесі Азия чемпионаты Пәкістанда өтеді.

Риат Шони.