Қоғам

Құрылысшы қаза тапты

Серік Қазбековтің «Нұрсұлтан құрылыс компаниясы» ЖШС істеп жүргеніне 10 шақты күн ғана болыпты. Апат орын алған күні тас қалаушы 15 пәтерлі баспананың шатырында жұмыс жасап жатқан. 54 жасар құрылысшы жердегі бетон плиталарға құлап мертіккен.

Игорь Кобзев- куәгер, «Нұрсұлтан құрылыс компаниясы» ЖШС жұмысшысы

– Мен бір қарағанда жұмыс жасап жатқан. Көп ұазамай, шу шықты. Кейін жақындап барып қарасам, жерде жатыр. Біз бірден жедел жәрдем шақырттық. Олар келіп тексеріп, ауруханаға алып кетті.

Құрылысшы бірден 3- ші қалалық ауруханаға жеткізілген. Алайда, көп ұзамай сол жерде көз жұмды.

Болат Мұқашев- СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы

–  Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Кейін материалдарды толық жинап, істі ІІО береміз. Бұған дейін біз жұмысшының алкоголь, наша пайдаланғанын тексеру үшін сот сараптамалық- медициналық қорытындыға сұрау жасадық. Бұл іске қатысты қазір коммисия құрылды.

Жалпы бұл баспананың құрылысы 2011 жылы басталыпты, оны ағымдағы жылдың 10 тамызында тапсыру көзделген. Бүгіндері мұнда 10-ға жуық адам еңбек етеді. Бұл жыл басынан өңірімізде орын алып отырған осындай 4-ші қайғылы оқиға. Олардан өзге, мемлекеттік еңбек инспекторлары қызметкерлер алдында қарызы бар кәсіпорындармен жұмыс жасауда.

Болат Мұқашев- СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы

 

– Бүгінгі күні инспекция 3 кәсіпорында сараптама жұмыстарын жүргізуде. Бірінші мекеме – Аққайың ауданындағы «Новороссийское АТП-С» ЖШС. Ауыл шаруашылығында еңбек ететін серіктестіктің 44 жұмысшысы алдындағы қарызы- 3 млн. 238 мың теңгеден асқан. Келесі кәсіпорын Тайынша ауданындағы «Биохим компаниясы» АҚ. Олардың 67 қызметкердің алдындағы қарызы 5 млн теңгеден асқан. Ал 3-ші мекеме Аққайың ауданындағы «Токуши- Астық» ЖШС. Олардың берешегі- 4 млн 713 мың 300 теңгені құрап отыр. Ондағылар 28 қызметкерге жалақы төлемей келеді.

Жыл басынан қызметкерлерге еңбекақы бермей келген кәсіпорындардың саны 5 болған. Олардың жұмыскерлер алдындағы қарызы 31 млн теңгеден асып жығылыпты. Жақында Петропавл халықаралық әуежайы қызметкерлерінің барлық еңбекақы берешегі қайтарылған.

Магжан Ахмадина.