Денсаулық сақтау

Қаламыздың емханалары жыл сайын жас мамандармен толығып тұрады

Марина Воробец, қалалық балалалар емханасының учаскелік дәрігері

– Мұнда жас маман үшін бар жағдай жасалған. Дәрігерлер үйінен пәтер берілді, оған жұмсалдатын 50 пайыз қаражатты емхана өз мойнына алған. Мен 0-ден 15 жасқа дейінгі есепте тұрған балалардың денсаулығына жауаптымын. Оларды аптасына екі рет үйлеріне барып қараймын және емханада қабылдаймын.

Өткен жылы қалалық балалар емханасына тар көлемдегі 5 педиатр маман мен 11 медбике жұмысқа тұрыпты. Алғашқылары Астана мен Қарағанды қаласындағы медициналық университетті тәмамдап келген өз ісінің мамандары. Олардың әрбіреуі қазір жоғары санатты дәрігерлердің тағылымдамасынан өтіп, істің қыр-сырын тәжірибе жүзінде меңгеріп жүр.

Лилия Федотова, қалалық балалалар емханасы бас дәрігерінің орынбасары

– Біздің емханаға қазір 24 учаске қарайды. Оның әрбіреуіне 1 дәрігер, 14 фелдшер мен 1 медбике бекітілген. Олар балалардың денсаулықтарын күнделікті қадағалуда ұстайды. Бүгінде дәрігерлік есепте 25 мың 485 бала тұр. Біз келген жас мамандардың теориялық білімі мықты. Енді біз оларды қазір тәжірибемен шебер ұштастыруды үйретіп жүрміз.

Жалпы қалалық балалалар емханасында маман тапшылығы сезілмейді. Бүгінде емдеу мекемесінде 38 білікті дәрігер қызмет етеді. Оның 27-сі педиатр.

Берик Касен.