Қоғам

Өңір құтқарушылары жарты жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы

 

– Төтенше жағдайлар департаментінің аудандық өрт бөлімдері 314 нысанның өртке қауіпсіздігін қараған. Соның ішінде 218-і жоспарлы, ал 96-сы жоспарлы емес тексеріс. Сондай-ақ прокуратураның нұсқауымен – 5, арыз-шағым бойынша 8 нысан тексерілді.

Ағымдағы жылы өңірімізде күнделікті 2-4 өрт оқиғасы орын алған. Олардан келген күн сайынғы шығын шамамен 410 мың теңгені құрады. Сондай-ақ облыс аудандарындағы далалы алқаптарда өрттің жиілегендігі байқалады.

Нұрлан Атығаев – СҚО ТЖД мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы

– Жыл басынан бері даладағы алқаптарда 8 өрт тіркелген. Солардың ішінде Айыртау ауданында 3, 2-уі Қызылжар ауданында, ал Есіл, М.Жұмабаев және Мамлют аудандарында 1 фактіден орын алды.

Жиында суға түсу ережелерін сақтамайтын теріскейліктердің жайы қаралған еді. Өйткені, белгіленбеген орында не болмаса спирттік ішімдік ішіп суға шомылудың соңы – қайғылы жағдайға ұрындыруда. Салдарынан суға батып, өмірмен қош айтысқан солтүстікқазақстандықтар қатары артып жатыр.

Виктор Держанский – СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің басшысы

– Суға түсу ережелерін сақтамай, қаза болып жатқан солтүстікқазақстандықтардың саны азаяр емес. Мысалға, 2012 жылы 50 тұрғын суға кетсе, оның 1-уі бала. 2013 жылы 39 адам судың құрбанына айналған. Бұл көңіл көншітерлік жағдай емес. Тек осы жылдың өзінде 8 адам суға түсу ережелерін сақтамау салдарынан қаза болған. Нәтижесінде өткен 3 жылдың өзінде 97 тұрғын қайтыс болса, оның 6-уы кәмелет жасына толмағандар.

Әр азамат қарапайым суға түсу ережесін бұлжытпай орындаса, орны толмас қайғылы апаттар аз болары сөзсіз.

Бакыт Садуакасов.