Бизнес және экономика

«Бизнес-Кеңесші-2» жобасы жұмыс істеуде

Рустам Жұмабаев- «Петропавловск- Life» ЖШС директоры

– Бұл кәсіпкерлер үшін жақсы курстар деп ойлаймын. Олардан көп ақпарат алуға болады. Несиелеу, шағын және орта бизнесті дамытуға қолдау көрсету жайлы мол ақпарат аламыз. Мен өткен жылы осындай курстарға қатысып, биыл өз ісімді аштым. Серіктестік қызмет көрсету саласында еңбек етеді.

2 күндік семинардың тақырыбы: «Жобаларды басқару – компания дамуының құралы іспеттес» деп аталады. Ол кәсіпкерлердің біліктілігін арттырып, қысқа мерзім ішінде таңдалған оқу бағыты бойынша маркетинг туралы түсінік береді.

Елена Проценко- «ASKARBEKOV» коммуникациялық агенттігі бас директорының маркетинг және PR бойынша орынбасары

– Курстардың маңызы өте зор. Мұндай шаралар Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізілуде. Ол кәсіпкерлерге бизнес жайлы кешенді түсінік беріп, іскерлікті дамытуға, дұрыс жоспарлар құруға мағлұмат береді. Істі ең бастысы дұрыс ұйымдастыру керек, сонда оның негізі берік болмақ. 

Семинар жүргізілген 2 күн ішінде оған 15 кәсіпкер қатысқан. Жыл соңына дейін тағы осындай 10 шара өткізу жоспарланған. Оның арқасында 200-ге жуық бизнесменді оқыту көзделіп отыр. Жалпы бұл шара «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Гүлмира Жақыпова- «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» СҚО бойынша өңірлік филиалының бас менеджері

–  Өңірімізде «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы жүргізілгелі бері, оның 3 бағыты бойынша 26,8 млрд теңгеге 261 жоба қаржыландырылды. Сондай- ақ «Даму» қоры 1,4 млрд теңгенің 32 жобасын кепілдендіріп отыр.

Келесі осындай семинар шілде айының 16-17-сі күндері өткізілетін болады.

Магжан Ахмадина.