Ауыл шаруашылығы

Егіс зиянкестерімен күресті күшейту қажет

Уәлихан Ысқақов, ҚР АШМ “Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы” ММ СҚОФ агроном-энтомологы

–  Біздің төңіректе аса қауіпті зияндылардың қатарына үйірлі шегірткелер, ол дегеніміз итальяндық пурс, гессен шыбыны, сарышұнақтар, тышқан тектес зиянкестер, астықтың сұр көбелегіе және де колорад қоңызы, бидайдың аурулары. Бүгінгі күні итальяндық шегірткемен гессен шыбыны мониторинг жүргізу жұмыстары аяқталды. Итальяндық шегіртке Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Ақжар ауданында көп шоғырланғандығы анықталды.

Фитосанитар мамандар бүгінгі күні зиянткестердің шоғыры анықталған алқаптардың барлығында дәрілеу жұмыстары жүргізілді дейді. Жасыл өскіндерге қауіп төндіретіндердің тағы бірі жібек құрттары. Биылғы жылы Қызылжар, М.Жұмабаев аудандарындағы егістіктерде аталған жәндіктер көбірек анықталған. Қазір мамандар егіннің септориоз дағын анықтау мақсатында өңірдің алқаптарында жұмыс істеп жатыр.

Уәлихан Ысқақов, ҚР АШМ “Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы” ММ СҚОФ аграном-энтомолог

– Аса қауіпті зиянкестер анықталған жағдайда аудандық инспекция бөлімдері өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Астық дақылдарына ең зиян келтіретіні астықтың сұр көбелегі болып есептелінеді. Биылғы 2014 жылға астық дақылдары бойынша 121,2 мың га жерді өңдеу жөспарланған.

Өңіріміз Ресейдің бірқатар облыстарымен шектеседі. Зиянкестер аталған аймақтардан ауып келуі мүмкін дейді мамандар. Сондықтан сақтық шараларын үнемі ұстанып отыру қажет.

Ахметова Бану.