Қоғам

Береке ауданындағы 72 пәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр

– Бір және екі бөлмелі пәтерлердегі күрделі шаруалардың барлығы тындырылған. Тек ұсақ-түйек жұмыстар ғана қалды. Еден мен қабырғаны сылау және бояу.

Қазір мұндағы құрылыс жұмыстарына 130-140 адам жұмылдырылған.

Сылақшы Айман Тұрлыбекованың құрылыс саласында жүргеніне 13 жылдың жүзі болыпты. Жұмысым ауыр болса да өзіме ұнайды дейді нәзік жанды.

Айман Тұрлыбекова, сылақшысы

– Мен мұнда ағымдағы жылдың маусым айында жұмысқа кірістім. Жалақым жақсы. Еңбек ақыны дер кезінде береді. Бұл тұрақты емес, ауысымдық жұмыс екендігі қынжылтады.

“Альфа-Север” серіктестігі Береке ауданында осымен 3 үйді салып жатыр. 2-еуі қолданысқа беріліпті. Ал, мына 72 пәтерлі баспана жоспар бойынша ағымдағы жылдың тамыз айында тапсырылады екен. Құрылысқа 430 млн теңгедей қаражат жұмсалған. Серіктестік басшылығы үй сапалы және құрылыс жұмыстарына 2 жыл кепілдік берілетінін айтуда.

Андрей Капустин, “Альфа-Север” ЖШС директоры

– Біздің серіктестіктің құрылыс жұмыстарымен айналысқанына 7 жылдың жүзі болды. Үй мен қатар балабақша, түрлі мекеменің ғимараттарын салдық. Бұл баспананың жалпы аумағы 4 мың шаршы метрді құрайды. Үй “Қолжетімді баспана 2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында салынуда. Алдағы уақытта да тендрлерге қатысып, бұл жұмысымызды жалғастыра бермекпіз.

“Береке” ауданында салынып жатқан жаңа үйлерге баратын жол жоқ. Сазға батып, діттеген жерімізге әрең жеттік. Сондықтан, бұл маңда жол мәселесі өзекті болып тұр.

Ахметова Бану.