Өнеркәсіп

Қазақстандағы ет экспортының әлеуетін арттыру

Людмила Кенибас, “Қазетөнімі” ЖШС қойма меңгерушісі

– Бізде мал етін сақтайтын 6 мұздатқыш камера бар. Одан бұрын өнім тазарту мен ұзақ өңдеуден өтеді. Одан кейін -25 градуста сыйымдылығы 200 тоннаға жететін мұздатқыш камераларда сақталады. Шикізат қоры 15-20 тоннаға жетсе, оны бірден Омбы қаласын жөнелтеміз.

“Қазетөнімі” серіктестігі жыл басынан Омбы қаласына 35 тонна ірі қараның етін және Челябі қаласына 20 тоннаға жуық шошқа етін экспорттады.

Аркадий Вознюк, “Қазетөнімі” ЖШС директоры

 

– Үш елдің арасында Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғаны біз үшін жақсы болды. Бұл бізге өзге елдің тауар өндірушілерімен байланысымызды нығайып, өндірісті одан әрі ұлғайтуға мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өңір экономикасының дамуына әсер етпей қоймайды. Біз қазіргі таңда Ресейдің 2 компаниясымен ұзақмерзімді келісімшартқа отырдық. Оларға біз енді ай сайын 15,20 тоннаға жуық ет жеткізіп тұратын болдық.

Кәсіпорын бүгінде толық қуатта жұмыс істеп тұр. Серіктестіктегілер биыл Ресейге 200 тонна ет экспорттауы қажет. Олар бұл межені ойдағыдай атқарып шығамыз деген үмітте.

Берик Касен.