Құқық қорғау органдары

Петропавлда жыл басынан 300 пәтер ұрлығы тіркеліпті

Иван Гугняк – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің басшысы

– Бұзақылар үй қожайындарының азық-түлік дүкеніне шыққан уақытта пәтер мен үйдің есігін жаппай ашық қалдырған кездерін тиімді пайдаланады. Осы аралықта тәжірибелі ұрылар, үйдегі бағалы заттарды жымқырып кетуіне мүмкіндік бар.

Сондай-ақ ұрылар пәтер кілттерін таңдап алу арқылы үй ішіне еніп жатады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қытайлық құлыптар кәсіби ұрыларға кедергі бола алмайды. Керісінше ресейлік құлыптарды бұзу қиынға соғатын көрінеді. Десе де, кейбір бұзақылар ашық жатқан терезеден де ішке еніп жатады.

Иван Гугняк – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің басшысы

–  Жыл басынан ашық жатқан терезе арқылы үйге кірудің 12 фактісі тіркеліпті. Көбіне, үй иелері жұмысқа, саяжайға кетер уақытта терезені ашық қалдырып кетеді. Мұндай кезде ұрлықшы үй қожайынының бар-жоқтығын домофонмен тексереді.

 

Құқық қорғаушылардың назарына шетелдіктер де іліккен. Өйткені, дәл осы азаматтар түнгі уақытта подъездерді аралап, әр пәтердің ашық-жабығын тексереді.

Иван Гугняк – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің басшысы

– Қалалықтар түнгі уақытта үй есігін жабуды ұмытып жатады. Ал ертеңгі күні үй ішінен аяқ-киім мен қаражаттың жоғалғандығын аңғарады.

“Сақтықта қорлық жоқ”. Тәртіп сақшылары тұрғындарға өз дүние-мүлкіне абай болуды ескертеді. Үйден шықпас бұрын есік-терезелердің жабық екендігіне көз жеткізген жөн.

Бақыт Сәдуақасов.