Қоғам

Петропавлда үшем дүниеге келді

Салтанат Уәлиева- қыздардың анасы

–  Арай, Айша, Алуа деп аттарын қойдық. Арай деп мен өзім қойдым, өйткені аяғым ауыр болғанға дейін түс көрдім. Сонда қыз туып атын Арай қойыппын. Ал Айша деп узидан кейін Арайға ұйықастырып атадық. Алуа дегенді біз ұзақ ойластырдық. Сосын күйеуім атады.

Қазір қыздарды үйде 4 жасар ағалары Мәди күтуде. Ол қарындастарын көруге асық. Бірден үшемнің әкесі атанған Жомарт та балаларын құмарлана иіскеп, қуанышын жасыра алар емес. Жас отбасының ендігі арманы өз баспаналарына қол жеткізу. Отасқандарына 6 жылдан астам уақыт өткен жанұя әзірге, ата- анасымен бірге тұрады екен.

Жомарт Уәлиев- қыздардың әкесі

– Бізде әрбір жас отбасыда сияқты пәтер мәселесі туындап тұр. Қазір 4 баламыз бар. Енді пәтер мәселесін шешу керек. Ең бастысы, Алла тағалаға осындай қуаныш сыйлағанына ризамын.

Қазір қыздардың да аналарының да жағдайы жақсы. Әр бірі 2 келіге жуық болып туған үшем, әзірге дәрігерлердің қадағалауында болады.

Гүлнар Қалықова- облыстық перинаталдық орталықтың бөлімше меңгерушісі

–  Уәлиевтер отбасындағы балаларды біз де күттік. Өйткені Салтанат бізде үнемі тексеріліп жүрді. Шілденің 3-інде бізге түсті. Қазір жағдайлары жақсы. Дәрігерлердің қарауында.

Жалпы жыл басынан бері өңірімізде 2363 сәби дүние есігін ашқан.

Магжан Ахмадина.