Әр түрлі

Петропавл қаласында “Горизонт” сауда орталығы ашылды

Назира Абишева

–  Үйге бара жатқанда өлеңді естіп, көруге келгем. Кейін осы конкурсқа қатысып, «СК Домофон» компаниясынан 7 мыңға сертификатты ұтып алдым.

3,5 мың шаршы метр аумақты алып жатқан сауда орталығы жертөлесін қосқанда 5 қабатқа бөлінген. Ең астыңғы қабатта кең қолданыстағы тауарлар сатылса, 1 қабатта азық-түлік бөлімдері жайғасқан. Атап айтқанда сүт, ет, тәтті-дәмділер, жеміс-жидектер сөрелерде лық толып тұр. Бағаларыда қолжетімді. Мысалы, “Roshen” компаниясының өкілдері қалалықтарға төменгі бағаны ұсынуда. Ал мына ет өнімдері бөлімінде тұрғындар “Леонтьев ет комбинатының” сапалы өнімдерін сатып ала алады.

Сергей Леонтьев – “Фирма “Леонтьева” ЖШС бас директоры

–  Бұл ғимаратты салуға бір жарым жылдан аса уақыт кетті. Алдағы уақытта бұл орталықтың табысы мол болсын. Әріптестігімізде жалғасын тапсын.

Ал ғимараттың екінші және үшінші қабаттарында ерлерге және де әйелдерге арналған киімдер сатылады. Оған қоса сауда орталығында шаштараз да бар. Ерлердің шаш қидыру бағасы тиімді 700 теңге. Балғындарға арналған киімдер мен асхана 4-қабатта орналасқан.

Анатолий Фадеев – “Фирма “Вэлта Плюс” ЖШС бас директоры

–  Бұл орталықты біз қала тұрғындары үшін салдық. Жобамыз сәтті болды деп ойлаймын. 5 қабаттың барлығында азық-түліктен бастап, киім-кешекке дейін тұрмысқа керекті тауарлар саудаланады. Бұл жобадан басқа біздің компанияның Явленка, Смирново, Володаровка, Новоишимка, Сергеевка сияқты аудан орталықтарында да филиалдары бар.

200 орындық сауда орталығының негізгі қаңқасы темір-бетоннан салынған. Халыққа әр қабатқа көтерілуге ыңғайлы болу үшін жеделсаты да орнатылыпты. Сонымен қатар өртке қарсы жүйелер де бар дейді 81 жастағы жобаның бас инженері Ришат Шакиров.

Ришат Шакиров – жобаның бас инженері, «Мекона» ЖШС

– Бұл жоба қазіргі заманға сай. Негізгі қаңқасы темір-бетоннан, құрылыс конструкциясы жаңа материалдардан салынған. Сыртқы қабырғалар керамикалық бетон панельдарымен тұрғызылды. Барлығы отқа төзімді келеді.

Сауда орталығы салтанатты түрде ашылғаннан кейін халық тауар алу үшін ішке ағылды. Сатып алған өнімдері тұтынушылардың көңілінен шығуда. Қала тұрғындары мен қонақтары орталықтың жұмысын бастағанына дән риза.

Александр Ашенбринер – қала қонағы, Германия

 

–  Мен өзім Германиядағы Вольфсбург қаласынан келдім. Бірақ осы қалада туғанмын. Петропавлға ат ізін салмағаныма 6 жылдан астам уақыт болды. Қала өзгеріпті. Көшелері таза. Мен келгенде осындай сауда орталығының ашылуы қуантады. Қазақстан дамып, гүлденіп келе жатыр.

Ендігі кезекте, «Горизонт» сауда орталығы күнделікті таңғы сағат 10-нан кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді.

Риат Шони.