Бизнес және экономика

Еуразиялық экономикалық одақ бизнесті дамытуға жол ашпақ

Ғалия Жолдыбаева- ҚР Өңірлік даму министрлігі кәсіпкерлікті дамыту комитетінің төрайымы

–  «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бар. Ол 4 жылдан бері іске асып, орындалып жатыр. Ал индустриаландырудың екінші жарты жылдығында, сол бизнестің жол картасының инструменттерін нығайтып, жетілдіру керек. Және оларды шаған және орта бизнесті дамытуға бағғыттау мәселелерін талқылаймыз. Сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктің бизнестің дамуына тигізер пайдасын талқылаймыз.

Өңірімізде үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы 5 жылдығының нәтижелері жаман емес. Индустриаландыру картасына СҚО-нан 38 млрд. теңгенің 31 жобасы кірген.

Ерлан Әукенов- СҚО әкімінің орынбасары

–  Бүгіндері біз 105 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Солардың 15-і өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауынан өтті. Қазір олар бойынша жұмыстар қағаз жүзінде ғана емес, іс жүзінде жүргізілуде. Кейбірінде құрылыс жұмыстары басталып, 3-6 ай көлемінде қатарға қосылатын болады. Барлық 105 жобаның жалпы құны 200 млрд. теңге көлемінде болмақ. Бұл бірінші бесжылдықпен салыстырғанда 3 есеге артық.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы кәсіпкерлік нысандарының жұмысы да сөз болды. Талай жылдан бері республика нарығында ғана емес, шетелдерде де сапалы өнімдерімен танылып үлгерген «Сұлтан ЭММК» АҚ одаққа ену кәсіпорын алдында зор мүмкіндіктер ашпақ дейді.

Виктор Кельтбрант- «Сұлтан ЭММК» АҚ қаржы және материалдық- техникалық қамтамасыз ету бойынша директоры

– Өндірушілер үшін бастысы – ол тауарын өткізу. Ал одаққа ену кәсіпорынның көкжиегін кеңейтпек. Жаңа нарыққа шығуға септеседі. Тауарымыз бәсекеге қабілетті. Жуық арада біз өнімдерімізді Қытайға экспорттауды көздеп оытрмыз.

Жиын барысында Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы сауда-саттықтың шешімін таппаған тұстары да талқыланды.

Александр Янбулатов- «Format Mach Company» ЖШС директоры, Павлодар облысы

– Бұл жиын уақтылы өткізіліп отыр. Кәсіпкерлік саласы аса дами қоймаған аймақтарға, әрине одақтың тиімділігі зор. Өйткені, мұнда сертификациялауды, жобалау және сынақ орталықтарын құру сынды маңызды нәрселерді үйренуге болады. Біздің кәсіпорын темір жол саласына қажетті материалдарды шығарумен айналысады. Сондықтан мемлекет қолдауы қажет-ақ. Осы тұста да бірқатар мәселе туындайды.

Бүгіндері еліміздің 2 млн-нан астам тұрғыны бизнеспен айналысады. Бұл әрине аздық етеді. Сондықтан әлі де болса, кәсіпкерлер мемлекет қолдауын пайдаланып, түрлі бағдарламаларға белсенді қатысуы қажет.

Магжан Ахмадина.