Балалар

37 солтүстікқазақстандық “Жастар кадрлық резерві-2014” жобасының екінші кезеңінен өтуде

Марат Нубаев, Қызылжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының маманы

– Нұр Отан” партиясының аудандық филиалынан осы жобаға өтініш қабылданып жатқандығын естідім. Сөйтіп, қатысып көруді жөн санадым. Бұл жоба біздің алдағы жұмысымызға үлкен серпіліс береді. Бірақ, қандай сұрақтардың боларын білмеймін. Дегенмен аздап дайындалдым.

Міне, жастар бірінен соң бірі әңгімелесуге кіріп жатыр. Комисссия мүшелері олардың жан-жақтылығы мен жетістіктерін сұрап білуде.

Бүгін комиссия мүшелігінде отырған Махабат Исимбаеваның өзі де 2010 жылы “Жастар кадрлық резерві” жобасынан өткен. Белсенді нәзікжанды жеке ісін ашыпты. Оның кәсіпкерлігі таразыларды жөндеумен айналысады. Махабаттың айтуынша бұндай жоба жастардың өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Махабат Исимбаева, жеке кәсіпкер

–  Жоба маған үлкен көмегін көрсетті. Бұл азаматтарды көшбасшылыққа, жауапкершілікке үйретеді. Бүгін осы жобаға қасытуға ниет білдірген азамттардың қатары қалыңдағаны қуантады. Олар да алдағы уақытта жақсы нәтиже қол жеткізер.

Жастар кадрлық резерві — талапты және дарынды азаматтарға өз әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін жоба. Оған кез келген азамат қатыса алмайды. Яғни, қойылған талап бар. Жасы 25 пен 35 аралығындағы жастар, жоғарғы білімді және еңбек өтілі мен тұрақты жұмыс орны болуы қажет. Осы талаптарға сай келетін жандар үстіміздегі жылдың 26 мамыры мен 26 маусым аралығында өтініш білдіріп, жобаның бірінші кезеңіне қатысқан болатын. Оның тек 37-сі ғана бүгінгі әңгімелесуге іріктеп алынған.

Азамат Шәймерденов, “Жас Отан” ЖҚ СҚОФ атқарушы хатшысы

–  Бұл “Нұр Отан” партиясының жобасын “Жас Отан” ЖҚ жүзеге асыруда. 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Сол уақыт аралығында 7 мыңнан астам адам өтініш білдірді. Оның ішінде 340-тан астамы жобаның жеңімпаздары атанды. Сөйтіп, республикалық базаға өтіп, резервистер атанды.

Ал бүгін іріктеуден өткен 37 азаматтың шамамен тағы 10-15-і 3-кезеңге жолдама алмақ. Бұдан соң олар ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтіп, өз мансаптарына жетуіне мүмкіндік алады.

Ахметова Бану.