Қоғам

Солтүстік жұлдызы” саябағында Астананың төл мерекесі сән-салтанатымен аталды

Еліміздің бас шаһары Астананың туған күніне «Іскер әйелдер қоғамы» ерекше дайындалыпты. Нәзік жандылар Пестрый көлінен бастап Жамбыл көшесі бойымен көлік шеруін ұйымдастырды.

Бахытжан Сәмиева – СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы

–  Құрметті қауым, бүгінгі біздің көлік шеруіміз Астананың 16 жасқа толуына арналаған. Бәрімізге бұл құтты болсын, құт береке әкелсін. Әрқашанда амандық саулық болсын. Еліміз әрқашанда алға бассын. Президентіміз аман болсын. Ол кісініңде бүгін туған күні. Жақсылықпен жүруге жазсын.

Қазіргі таңда нәзік жандылар бала тәрбиелеп қана қоймай, жеке кәсіппен айналысып, көлікті де жүргізеді. Темір тұлпар тізгінінде жеке кәсіпкер Ольга Клишина. Ол көліксіз бүгінгі өмірді елестету мүмкін емес дейді.

Ольга Клишина – «Клишина» ЖК жетекшісі

–  Біз бүгін көліктер шеруіне қатысуды ұйғардық. Бұл Астана күніне орайластырылған. Біз көліктерімізді әсемдеп, нәзік жандылар рольде әрі ақылды, әрі әдемі және де көлікті де жақсы жүргізе білетіндігін дәлелдемекпіз.

40-тан аса темір тұлпар шеруі облыс орталығының барлық көшелерімен өтті. Тап сол кезде «Солтүстік жұлдызы» саябағында ринге жас тайбоксшылары шықты. Муай-тайдан ашық турнир ел ордасы Астананың төл мерекесі қарсаңында бастау алды. Бүгін финалдық бәсекелер ұсынылмақ.

Иван Ван-Хон-Тун, СҚО тай боксынан аға бапкері

– Бұл жарыс “Солтүстік кубогі” деп аталады. Аймақтық турнир спортшылардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Келген қонақтар да көп, атап айтатын болсақ Қостанай, Павлодар, Астана және Шымкент. Жалпы жарысқа 130-дан астам спортшы қатысуда.

Алғашқылардың бірі болып ринге кішкентай спортшылар шықты. Алексей Макдеев «Солтүстік кубогіне» Астанадан келіпті. Бұл оның соңғы чемпион атағы үшін айқасы. Қарсыласын жеңу Алексейге оңайға түскен жоқ. Шайқастың соңғы секундарына дейін қарсыласы сыр бермеді, алайда төрешілердің бірауызды шешімімен елордалық боксшы жеңісті қанжығасына байлады.

Алексей Макдеев, тай боксынан спорт шеберіне үміткер

–  Қарсыласым осал емес. Дайындығы мықты. Алайда көп жылдық тәжірибенің арқасында жеңіске қол жеткіздім. Алдағы мақсатым ары қарай машықтанып, әлем біріншілігіне жолдама алу.

Финалдық бәсекеге барлығы 24 жұп шықты. Рингтегі айқастар қыза түсуде. Спортшыларға әдемі жеңістер алуға күннің ыстығы да кедергі емес.

Евгений Огородник, тай боксынан спорт шебері

–  Кеше 40-тан аса жұп айқасты. Мен финалға шықтым. Бірінші орынды иеленсем бе деймін.

Петропавлда Астананың туған күні бар сән салтанатымен аталып өтілуде. Жағажайда серуендеушілер «Нептун» отбасы денесаулығы мен дем алысы орталығының ұйымдастырған жарыстарына белсене қатысуда.

Анна Бойцова, «Нептун» отбасы денесаулығы мен дем алысы орталығының аға әкімгері

–  Астана күніне орай біз “Нептун” күнінде атап өтудеміз. Нептун болғандықтан мерекені сусыз атай алмаймыз. Сол себепті де осы жағажайда ұйымдастырдық. Шара барысында суда жүзу, түрлі концерттік бағдарламалар болады. Жүзу сайысына 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатыса алады. Бұл жағажайда дем алушылардың көңілінен шығады деген үміттеміз.

Жағажайда сығымдап көтеру мен ашық суда жүзу жарысы ұйымдастырылды. Жүзуде 16 жасқа дейінгі балғындар бақтарын сынады. Роман Стовба арқамен жүзуден кәсіби түрде айналсыады. Жеңістен мүдделімен дейді жас спортшы.

Роман Стовба

 

–  Мен жиі жүзумен айналысамын. Мұнда жиі келіп тұрамын. 8 жасымнан бастап жүзумен жаттығамын. Мен бұл көлдің арғы жағына дейін жүзгем, сол себепті де сайыста жеңіске жетемінн дегенге сенім мол.

Еліміздің бас шаһарының төл мерекесіне ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар солтүстікқазақстандықтардың көңілінен шықты.

–  Астана мерекесі құтты болсын. Астанамыз өркейе берсін, өсе берсін, өне берсін. Астанамыз күннен күнге өсіп жарқырап жатыр. Өте қуаныштымыз.

–  Мен осы Солтүстік Қазақстан облысындағы халықтарды Астанамыздың туған күнімен құттықтаймын.

Риат Шони.