Қоғам

«Гүлдер» ән-би ансамблі теріскейге келді

Бақтияр Тайлақбаев, “Гүлдер ән-би ансамблінің директоры, Қазақстанға еңбегі сіңген әртісі, “Құрмет” орденінің иегері

– Тұрғындарға мерейтойлық есеп концертімен солтүстік өңірдің аудандарын түгелімен аралап шықтық. Халық орнынан тұрып, ұзақ қол шапалақпен шығарып салды.

Осыншама жылдар ішінде қаншама өнерпаздың өнер әлеміндегі қадамына нұр жаудырып, шығармашылық шыңына алтын баспалдақтар салып берген “Гүлдер” – нағыз кәсіби, тәжірибесі то­лысқан ұжым. Гүлдер ансамблінен талай өнер тарландары: Сара Тыныштығұлова, Қайрат Байбосынов, Қапаш Құлышева, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Бақтияр Тайлақбаев сынды тағы да басқа танымал әншілер қанаттанған.

Бақтияр Тайлақбаев жылдар өткен сайын халықтың әншілерге, орындалатын әнге деген талабы да артып келеді, сол үдеден шығу үшін алда аянбай еңбек сіңіру қажет дейді.

Бақтияр Тайлақбаев, “Гүлдер ән-би ансамблінің директоры, Қазақстанға еңбегі сіңген әртісі, “Құрмет” орденінің иегері

–  Біз әлі алда Қызылорда қаласы мен Маңғыстау облыстарын аралаймыз. Репертуарымызға жаңа билер қосамыз.

“Гүлдер” – жоғары мәдениетті, әншілік кәсіби мектеп. Жастықтың, әсемдіктің, сұлулулықтың көрінісіндей әншілеріміз, мың бұралған бишілеріміз өз өнерлерін осы ұжымда дамытып, халықтың ілтипатына бөленіп жүр.

Айбек Мұхаметалиев, “Гүлдер” ән-би ансамблінің әншісі

– Елбасымыз солтүстік өңір еліміздің тірегі деген. Сол рас. Мен барлық теріскейліктерді айлардың сұлтаны рамазан айымен және Астананың туған күнімен құттықтаймын.

Сахына төрінде би ансамблінің ару қыздары би­ле­ген “Алтын дом­быра”, “Сылқылдақ”, “Шолпы”, “Шығыс колейдосокпы”, өзбек билері мен “Сұңқар” то­бының сері жігіттері салған әндері көрер­мен қауымды бір серпілтіп тастады.

–  “Гүлдер” би ансамблі жастық шағымызды есімізге түсірді. Ұжымға мол табыс тілейміз.

 

Солтүстік өңірдің шалғайда жатқан аудандарына табан тіреген өнер ұжы­мына облыс әкімі Ерік Сұлтанов халықтың атынан ризашылығын білідіріп, ансамблге алғыс хатын табыстады.

Берик Касен