Спорт

Астананың туған күнінде “Солтүстік жұлдызы” саябағында веложарыс ұйымдастырылды

Веложарысқа қатысқысы келетін адамдардың қатары қалың. Арасында салауатты өмір салтын ұстанатын әуесқой және кәсіби спортшылар да бар. Велосипетшілердің колоннасын аймақ басшысы Ерік Сұлтанов бастады. Бірер сәттен соң қаз қатар тізілген спортшыларға белгі берілмек.

Ең алдымен жарыс жолына 3 жастағы балғындар шықты. Бүлдіршіндер өздеріне берілген қашықтықты жылдам бағындыруға барлық күштерін салды.

Содан соң ересектер мерекелік көңіл күйде 4,2 шақырымдық жолға шықты.

Міне бар қиындықты артта қалдырған спортшылар мәре сызығын кесіп өтті. Жалпы, жаппай веложарысқа 600-ден астам солтүстікқазақстандық қатысты. Жастары 3 пен 80 жас аралығында.

Данияар Уәлиев, №16 орталау мектебінің директоры

–  Мұндай жарыс қаламызда алғаш рет өтуде. Оған бізде қатысудамыз. Басты мақсат бірінші келу емес, қатысу.

Руслан Тоқашев жуырда ғана велосипед сатып алған. Бұл жарыстың өтетінін ол әлуметтік желілерден біліпті. Сөйтіп, бағын сынап көрмек болған.

Руслан Тоқашев

–  Маған веложарыс өте ұнайды. Осындай сайыстарды жиі өткізсе деймін. Өйткені бұл денсаулыққа пайдалы. Бүгін қос мереке. Елбасы мен Астанананың туған күні. Президентімізге зор денсаулық, ұзақ өмір тілеймін. Оның арқасында еліміз әлемге танылды.

Жарыс жеңімпаздарына түрлі сыйлықтар табысталды.
Бұдан соң аймақ жетекшісі Тай боксынан өтіп жатқан республикалық чемпионатты тамашалады.

 

Ахметова Бану.