Қоғам

Астана күнінде қала тұрғындары көптеген байқауларға қатысты

Астананың туған күнінде Абай мен Пушкин ескерткішінің жанына еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін жиналды. Жас ерекшелігіне қарай солтүстікқазақстандықтар түрлі шараларға қатысты. Өйткені мерекелік бағдарлама ауқымды болды. Облысымыздағы “Қазақтелеком” АҚ “Жаңа күнге бірге” промо-акциясын ұйымдастырды. Тұрғындардан тегін интернетке қосылуға өтініштер қабылданды. Және сыйлық ретінде 2 ай қызметтің осы түрін пайдалануға мүміндік берілді. Үлкендер өтініш білдіріп жатқанда, олардың балалары үшін қызықты ойындар өткізілді. Және балғындарға ойыншықтар үлестірілді.

Ал, мына жерде аулалық және үстелдік ойындар фестивалі ұйымдастырылды. Балалар би билеп, ән де айтты. Каратэшілеріміз де бұл күні өз өнерлерін жиналған қауымға паш етті.

Сондай-ақ, солтүстікқазақстандықтар спорттың үстел теннисі, тоғыз құмалақ, шахмат сынды түрлерінен бақтарын сынап көруге мүмкіндік алды. Ал “Бақытты қала” отбасылық акциясына 7 жанұя қатысуда. Олар түрлі кедергілерді бағындырып, эстафетеда жарысына түсті. Және жанұялар өз жеңістерін Астананың туған күніне арнады.

Жанар Омарова, “Балдырған” командасының мүшесі

–  Біздің отбасымыз спортқа жақын. Жүгіру, футбол, волейбол, баскетбол ойнаймыз. Бүгінгі сайыста жеңіске жетеміздеп ойлаймын.

Бұдан соң тұрғындар жұптасып, әсем әуенмен тербеліп, вальс биледі.

Владимир Шаталов ескерткішінің жанында да мерекелік концерт өтуде. Сахна төрінде облыс ортылығының шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салуда. Мына жерде тұрғындарға “Менің сыйлығым саған Астана” фитодизайны бойынша шеберлік-сыныбы көрсетілді. Ағаштың жапырақтарынан раушан гүлі, түрлі-түсті жіптерден қобдиша, гүл салатын вазалар жасалынды. Тұрғындар мұндағы қол өнер шеберлерінен үйреніп қана қоймай, ұнаған заттарын тегін алу мүмкіндігіне ие болды.

“Жібек жолы” атты жәрмеңкеде қол өнер шеберлерінің бұйымдары жайылды. Оюлап-өрнектеп тігілген көрпе, қоржын мен түрлі қолдан тоқылған киімдер сатылды. Қыз-келіншектердің көзінің жауын алатын сырға, білізік, алқа, сақиналардың сан түрі де иелерін тауып жатты.
Мерекеге жиналғандардың осы шаралардан алған әсерлері ерекше болды.

Бану Ахметова.