Білім

Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебіне оқушылардың құжаттарын қабылдау науқаны басталды

Нұргүл Қазиева, Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары

 

– Емтиханды тапсыру 2 кезең бойынша жүргізіледі. 40 пайыздан жоғарғы ұпай жинаса, ол оқушылар мектепке қабылданады.

Бұл мектепте елді-мекеннен келген оқушылар үшін 200 орынға шақталған жатақхана да жұмыс істемек. Арнайы конкурс арқылы өтен оқушылар тегін оқытылмақ. Оқуға қажетті құжаттарды қабылдау 30 маусымнан басталды. Және ол 9 тамызға дейін жалғаспақ.

Нұргүл Қазиева, Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары

–  Үміткерлерден өтініш, туу туралы куәлігінің көшірмесі, оқу үлгерімі туралы ақпарат, медициналық анықтама қажет.

Айта кету керек, Назарбаев зияткерлік мектебіне педагогтар да арнайы емтихан тапсыру арқылы жұмысқа қабылданады. Бүгінгі күні сыннан сүрінбеген 22 оқытушы аталған мектепте қызмет ету мүмкіндігіне ие болыпты.

Ахметова Бану.