Балалар

Петропавлда Астана күніне орай асфальтқа сурет салудан байқау өтті

Людмила Бурунбаева – “Жас Ұлан” балалар мен жасөспірімдер ұйымы” ҚБ менеджері, ұйымдастырушы

 

– Акцияны “Жас Ұлан” біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қолдауымен өткізіп отырмыз. Граффити-сурет байқауына қаланың 5 оқу орнынан 25 үміткер бақтарын сынауда. Мұнда әр студент өздерінің шығармашылық қабілеттерін мүмкіндігінше көрсетіп жатыр.

Бұл байқау 2 кезеңнен тұрды. Үмтікерлер ЭКСПО-2017, Астананың танымал ғимараттары мен ұлттық нақыштағы бейнелерді барынша жеткізуге тырысты. Жұмыстардың ішінде Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі белсенділерінің суреті екінші орыннан көрінді.

Гүлнара Шунгульшина – ПҚЭК жастар ісі бойынша комитетінің төрайымы

– Петропавл құрылыс экономикалық колледжінің студенттері бүгін Астана күнін тойлауға байланысты өткен “Астана бүгін, кеше” атты графити конкурсына қатысып, екінші орынды иеленді. Студенттер осындай шараларға қатысып Астана күнін тойлауға қатысқаны үшін біз өте қуаныштымыз. Осындай конкурстар жиі бола беруіне тілектеспіз.

Ал өнер колледжінің студенттері асфальт бетіне күн бейнесін салыпты. Салыған суретте қазақ хандығынан бастап қазіргі кезге дейінгі үш ғасырдың тарихы көрсетілген. Осы сурет қазылар алқасының бірден көздеріне ілігіпті.

Жания Муссалимова – Өнер колледжінің жастар ісі бойынша комитетінің төрайымы

– Біздің өнер колледжі бұл акцияда бірінші орынды алды. Өте қуаныштымын. Ұйымдастырушыларға алғысымызды айтамыз. Астана гүлденіп, көркейе берсін.

Ал үздік үшінші орынға, “EXPO -2017” тақырыбында сурет салған М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжі студенттеріне бұйырды. Байқау соңында барлық қатысушыларға диплом және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бакыт Садуакасов.