Қоғам

Партия билеттері табыс етілді

Бауыржан Біләлов- «Арман» ЖК директоры

 

– Партия адамдардың мұң- мұқтаждықтарын шешуге ат салысады. Менің ойымша оның құрамында әр саланың азаматтары болу керек. Өзім Елбасы жетекшілік ететін партиясының қатарында болатындығымды мақтан тұтамын. Құрылыс саласында аянбай еңбек етіп, өлкеміздің көркеюуіне үлес қоспақпын.

Астана күні қарсаңында түрлі саланың тізгінін ұстаған 8 петропавлдық партия қатарына енді. Осынау маңызды күні оларды қала әкімі Төлеген Закариянов құттықтады.

Төлеген Закариянов- «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының төрағасы, Петропавл қаласының әкімі

– Бұл күн әркім үшін маңызды. Өйткені біз бүгіндері дамыған, мықты мемлекетте өмір сүреміз. Сондықтан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып барлығымыз ел дамуына әлі де болсын үлес қосу керекпіз. Менің ойымша, Нұр Отан партиясының қатарына өз елінің нағыз патриоттары кіреді. Сондықтан қадамдарыңыз құтты болсын.

Жалпы бүгіндері «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалында 5072 адам бар.

Магжан Ахмадина