Қоғам

Елбасы жайлы естеліктер

Геннадий Зенченко- «Зенченко и К» КС бас директоры, СҚО құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек ері

 

– Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланғанда елдегі жағдай тіптен қиын болатын. Сол уақытта ол болашаққа нық сеніммен қарады. 2-3 жылдан кейін біз Қазақстанды мықты елге айналдырамыз де айтқан болатын. Соның барлығы енді міне жүзеге асып отыр. Қазір Қазақстанды әлем елдері таниды. Шет елдіктер Нұрсұлтан Назарбаев, мықты саясаткер деп айтып жатады. Сіздердің әдемі Астаналарыңызда болдық деп айтады. Сонда бір ерекше кеудем көтеріліп, мақтанып қаламын.

Геннадий Зенченко сәті түсіп кездескенде елбасына өзі жетекшілік ететін шаруашылықтағы жағдайды жеткізіп тұрады. Ұлт көшбасшысының құнды кеңестері кәсібімнің дамуына серпін берді дейді. Сондай кездесулердің бірінде Елбасы сағат сыйлапты. Геннадий Иванович бұл жәдігерді көзінің қарашығындай сақтап келеді. Міне, 15 жыл өтсе де әлі сыр бермеген жәдігерді, Қазақстанның Еңбек ері ұрпағыма мұра етіп қалдырамын дейді.

Геннадий Зенченко- «Зенченко и К» КС бас директоры, СҚО құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек ері

– Нұрсұлтан Назарбаев Президент болғангда мен достығымыздың белгісі ретінде Алматыға ,онда елордамыз Алматы болатын. 3 жылқы жібердім. Екінші рет ол сайланғанда күз айында біздің өңірге келді. Егіс алқабына тоқтады. Сол уақытта мен тағы 3 жылқы атадым. Ол кісі сыйлықтан бас тартты. Біз қамбар ата төлін өсіреміз. Сондықтан сізге ұжымның тартып отырған сыйым дедім. Сол уақытта ол маған қолындағы сағатын шешіп берді. Мен ерекше толқыдым, көзіме жас алдым.

Геннадий Зенченко тоқырау жылдары Новоникольск ауылын сақтап қалуға ат салысқандардың бірі. Кеңшардың дүниесін шашау шығармай керісінше, түрлендіре түсті. Бүгіндері оның ісін ұлы жалғастыруда. Ол да әкесінің сара жолын жалғап, ауыл тұрғындарының жақсы өмір сүру үшін жағдай жасап келеді. Бүгінде Новоникольскте аурухана, балабақша, мәдениет үйі салынған. Онымен қоса, хоккей корты бар. Қазір спорт алаңының құрылысы басталыпты. Шарауашылық басшылығы жұмыскерлерін баспанамен қамтамасыз ету мәселесін де шет қалдырмай, бүгіндері 4 үйді тапсыруға ниетті. Су,жол, жылумен қамту мәселесі ауыл тұрғындарында туындамайды. Бірнеше жыл бойы серіктестік жел генераторларын пайдаланып келеді. Жақында тағы екеуін орнатуды көздеп отыр. Геннадий Иванович та Елбасымыз сияқты адамның бойында еліне деген патриоттық, отансүйгіштік қасиет болу керек дейді. Сонда ғана биік белестерді бағындыру мүмкін болмақ. Біздің президентіміз өз туған жерін сүйеді. Оны гүлнедіріп, экономиканың қарыштап дамуына бар жағдай жасауда. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде болған еңбек ері қазір Қазақстанды барлығы таниды, қызыға да, қызғана да қарайды дейді. 16 жыл ішінде әсем Астанамызды салып, оны ұлт мақтанышына айналдыра білген сарабдал саясаткер Елбасымызға алғыс білдіруде.

Геннадий Зенченко- «Зенченко и К» КС бас директоры, СҚО құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек ері

– Мен Астана Ақмола болған кезінен білемін. Шағын ғана қала болатын. Енді қазір барған сайын таң қаламын. Тіпті елестету де қиын. Қысқа ғана мерзімде, әсем де әдемі алып шаһарға айналған. Онда еліміз үшін маңызды түрлі жиындар өтеді. Елордамыз бейбітшілік пен келісімнің қаласына айналған іспетті. Біздің астанамыз талғаммен жасалған қала. Осының барлығы елбасымыздың арқасы.

Еңбек ері Елбасының барлық бастамаларын қолдайды. Сондықтан солтүстікқазақстандықтар президентіміздің мықты тірегіне айналуы тиіс дейді. Астананың туған күні, 6 шілдеде мерекеге Елбасымыздың шақыртуын алған Геннадий Зенченко елордаға жол тартпақ. Ол астаналықтармен бірге «Астана» опера театрында өтетін мейрамға қатысады.

Магжан Ахмадина.