Қоғам

Бір топ өңір судьяларына қызметтік көлік пен пәтер кілттері берілді

Мұратғали Әкетай – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы

 

– Құрметті әріптестер! Бүгін жалпыхалықтық мерекеге айналған еліміздің айтулы мерекесі Астана күніне орай жиналып отырмыз. Бұл мереке еліміздің бірлігінің нышаны, Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы, кемел келешегі. Астана жеңістің кілтін достықпен тапқан нар тәуекелдің қаласы. Халқтың рухы мен күшін өзіне сңірген еліміздің мақтанышы.

Бұл күні аудандық, облыстық және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 8 су жаңа қызметтік автокөліктердің кілттері табыс етілді. Темір тұлпар кілтін иемденгендердің қатарында Айыртау аудандық нөмірі 2-ші сотының төрағасы Мүбарак Рамазанов та бар.

Мүбарак Рамазанов – Айыртау аудандық №2 сотының төрағасы

– Бүгін мен алғаш рет сот саласында жаңа автокөлік алып жатырмын. Ол бәрі, ең біріншіден Елбасының арқасында. Неге десеңіз, былтыр болған 6-шы съезінде Елбасы судьялар жағдайын көтеріңдер деп тапсырма берген болатын. Бұрын көлік болса да, 7-8 жылдың машинасы, ол ескіріп қалған.

Сондай-ақ сот жүйесінде еңбегімен еленіп, жұмыста табысқа жеткен судьяларға 2, 3 және 5 бөлмелі қызметтік пәтерлердің кілттері де берілді. Көпбөлмелі пәтерге қолы жеткен сот жүйесі қызметкерінің бірі – Асланбек Қашенов. 5 баланың әкесі бұрындары 3 бөлмелі пәтерде тұрып келген, ол үлкен отбасына таршылық етіпті. Ал бүгіннен бастап судья кең пәтерге қоныс аудармақ. Ол мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлыққа алғысын білдірді.

Асланбек Қашенов – Петропавл қаласы әкімшілік сотының судясы

– Осының бәрі Елбасының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасы, Елбасына рахмет, жоғары соттың төрағасына рахмет, осындай пәтердің кілтін маған табыс етіп жатқандығына. Енді бұл алдын ала аванс деп түсінеміз. Әрі қарай жұмыстарымыз алға озар деп ойлаймыз.

Мерекеге сала ардагерлері де келді. Қоғам өміріне үнемі араласып жүретін кейінгі толқын өкілдері әріптестерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, Астана күні мерекесімен құттықтады.

Бакыт Садуакасов.