Балалар

Астана күніне орай “Сәбилер үйінде” қайырымдылық акциясы өтті

Кішкентай Роман бүгінгі мерекеге аса ұқыптылықпен дайындалыпты. Ол қонақтарға тақпақ айтып берді.

Наиль Салимов – облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі

 

–  Біз акция ұйымдастырмас бұрын “Сәбилер үйіне” қоңырау шалып балаларға қандай сыйлықтар жасау керектігін сұрап білдік. Бүгін кіші жастағы бүлдіршіндерге жаялықтар, ал үлкен жастағы балғындарға мекеменің медицина қызметкерлері құрамы рұқсат ететін тәтті-дәмділер сыйладық.

Қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға бел буғандар сәті түсіп жатса “Сәбилер үйіне” жиі келіп тұрамыз дейді.

Геворкян Геворк – “Кентрон” армян мәдени орталығының төрағасы

– Қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды біз дәстүрге айналдырдық. Бұл мекемегеде біз 3 рет келдік. Осы жылы тағыда келеміз. Балғындарды қуанту біздің өзімізге де шаттық сыйлайды.

Жалпы “Сәбилер үйінде” 116 қызметкер жұмыс жасайды. Осындай қайырымды жандар келгенде олар да балалар мен бірге қуанышқа кенеледі.

Маруар Капенова – “Сәбилер үйі” МКК педиатор-дәрігері

– маусым балалар күніне орай көп адамдар келді. Түрлі кәсіпкерлер, дүкендерден, осындай ассамблеялардан әр түрлі адамдар келеді. Көмектесіп тұрады. Кішкентай балаларға биыл жаңа кереуеттер әкелді. Қаражат жағы қиындау, сол үшінде біз демеушілік көмектен бас тартпаймыз.

Осындай қайырымдылық акциялар алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Себебі ата-ана қамқорынсыз қалған бейкүнә балғындарға жаны ашитын қайырымды жандар жетершілік.

Риат Шони.