Қоғам

6 шілде – барша қазақстандықтар Астана күнін тойламақ

Мәди Мырзахан – қонақ, Алматы қаласы

 

– Мен осы ең алғаш рет Астана қаласында 2006 жылы болдым және Қазақстан республикасының астанасына жиі баруға тырысамын. Ол біздің жүрегіміз деп айтуға болады, жиі барып тұрған кезде жиі өзгерістерді байқап тұрамын. Өйткені ол жерде әр ай сайын үлкен-үлкен үйлер, құрылыстар салынып жатыр.

Мәди биыл мектепті бітірген. Ол энергетика мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнына түсіп, болашақта бас қалада қызмет атқарғысы келеді. Өйткені Астана болашақтың, жастардың қаласы, мен де өз болашағымды осы қаламен байланыстырғым келеді дейді. Жас жігіт спортқа да бір табан жақын. Сондықтан, ол елордада спорттық нысандардың көптеп тұрғызылғандығын қалайды.

Мәди Мырзахан – қонақ, Алматы қаласы

– Өзім спортқа жақынмын, сол үшін Астанада негізі көптеген футболдық полялар, велосипедке арналған, спортқа арналған ғимараттарды салса жақсы болар еді.Өйткені қазіргі жастардың барлығы спортқа жақын.Сол жағынан кішкене қараса жақсы болар ед.

Еліміздің көрікті қаласында болған солтүстікқазақстандық тұрғындардың Астана жайында пікірлерін сұрап-білдік.

– Астана қаласында бір-ақ рет болдым. Ол кездері құрылыс жаңа қарқын алып келе жатқан-ды. Ал бүгінгі елорданы мүлдем танымайсың. Күн санап өзгеруде. Мүмкін жақын арада Астанаға саяхатқа барып қалармын.

Астана әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі екені даусыз. Жыл сайын жаңадан зәулім ғимараттар мен мәдениет, демалыс нысандары салынып жатқан бас шаһар қазақстандықтар мен шетелдіктердің көз қуанышына айналғаны сөзсіз.

Бакыт Садуакасов.