Қоғам

Тайынша ауданының Озерное ауылына “Қазақстан жұлдызы” алтарі орнатылды

 

Марина Балицкая, Озерное селосының тұрғыны, Тайынша ауданы

–  Біздің отбасымыз түгел поляк ұлтының өкілдері. Дінге сенетін жандармыз. Сондықтан бүгін біз үшін үлкен мереке. Озерное елді-мекені тек Қазақстанға емес, барлық әлемде әйгілі екені қуантады. Құдай ананың қасиетті жеріне алтарь жеткізілді. Өте қуаныштымын. Туыстарыма денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін.

Дін қызметкерлері мұнда арнайы миссиямен келген. Олардың көздегені – “Бейбітшілік патшайымы” шіркеуіне “Қазақстан жұлдызын” орнату. Ең алдымен, жаратушыларына құлшылық етуге жиналғандарды облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан облыстық дiн iстері жөніндегі басқарма басшысы Мұратбек Зейнуллин құттықтады.

Мұратбек Зейнуллин, СҚО дін істер жөніндегі басқармасының басшысы

– Қазақстандықтар ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында ел болып, экономиканы тұрақтандырды. Және демократиялық реформалар өткізді. Бұл орайда қоғамның әлеуметтенуіне діни қайраткерлердің де қосқан үлесі орасан. Қазақстан мен Ватиканның әріптестік қарым-қатынасының арқасында 20 жыл бойы сенім мен өзара түсіністік орнаған. 

Ғибадат орнына жиналғандар Рим папасы Францисктің өкілі – Кардинал Роберт Сарамен мінажат өткізді.

Кейін шірекеуге қойылған алтарьдың ашылу салатанаты өтті. Оның салмағы 600 келі, ұзындығы 7,5, ені 2,5 метрді құрайды.
Келген меймандардың айтуынша жер шарының әр нүктесiне 12 алтарь орнатылмақ. Қазақстан Иерусалимнен кейiнгi алтарь жеткізілген екiншi ел болды.

Роберт Сара – кардинал, Рим папасының өкілі, Польша

–  Бұл орынды жаратушымыз таңдады. Қасиетті жер. Келесі жолы бұндай алтарь Африкада орнатылмақ.

Алтарьды шебер Мариуш Драпиковский жасап шығарған. Табыну қабырғасы титаннан құйылып, сапалы алтынмен әшекейленген. Жәдiгерде христиан дiнiне тән Иса Пайғамбар мен крест бейнесi ғана емес, қазақ халқының ою-өрнегi де бедерленіпті. Шебер бұл алтарьді жасауға 2 жылын жұмсапты. Кейін алтарь Польшаның қасиетті орындарында болған. Содан кейін ғана бізге жеткізіліпті.

Мариуш Драпиковский, суретші шебер, Польша

–  Алтарь сиыну үшін жасалынған. Бағалы заттар және тастармен көмкерілген. Идеясы Ивангелинада алынған. Әр елдің өз символы бар. Сондықтан, Қазақстан үшін біз ою-өрнекті таңдадық. Бұл Қазақстанға және осы жерге деген құрметіміз.

Мұндағылар сыйлық үшін өз әріптестеріне алғыстарын білдірді.

Томаш Пэта, архиепископ, “Бейбітшілік патшайымы” костелының басшысы, Озерное селосы, Тайынша ауданы

–  Құдай ана бұл орынды өзі таңдады. Сондықтан, алтарь осы жерге қойылып отыр. Үлкен құрмет. Бұл сәндік үшін емес, жаратушыға сиынуға беріліп отыр.

Алтарь келесі жолы Африка мен оңтүстік Кореяға орнатылмақ. Солтүстікқазақстандықтар осы жерге сыйланған алтарь екі ел арасындағы достықты одан әрі нығайта түседі дейді.

– Біз мұнда әр дайым келіп тұрамыз. Құдайға дұға қылып, туған-туысқандарымыздың амандығын тілейміз.

– Бұл күннің біз үшін маңызы зор. Бірінші рет Кардиналмен кездестік. Қаншама дін өкілдері болды. Біз құдайға бәріміз бір адамдай сиындық.

Альтардың ашулы салтанатына Қазақстанның басқа облыстарынан да дін өкілдері келді.

Негізі Тайынша ауданында 30-дан астам діни нысан, 4 түрлі конфессияның 17 діни бірлестігі жұмыс істейді. Ерлер мен әйелдерге арналған екі монастырь бар. Соңғы ғибадатханада 4 монах әйел тұрады. Олар өз өмірлерін құдайдың жолына арнаған.

Бұл жерде мұражай да бар. Онда монах әйелдер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын қояды екен.

Ахметова Бану.