Мәдениет

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында “Эдип патша” қойылымы сахналанды

Ақыр соңында, басына түскен қайғылы азаптан арылу үшін, Эдип патша өзін-өзі соқыр қылып, жанарынан айырылады. Жалпы бұл драмалық қойылым б.з.д 5 ғасырдағы гректердің тарихы мен сол уақыттағы оқиғадан мол сыр шертер туынды болып саналады.

Қуандық Қасымов – қоюшы режиссер, Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері

 

– Қазіргі қоғамға ой салатын шығарма. Оны кезінде Хамит Ерғалиев аударып, М. Әуезов атындағы драма тетарында алғаш рет “Эдип патша” сахналанды. Ең бастысы ұжымның еңбекке деген үлкен ұмытылысы қуантты. Жастар жағы талапты да талантты келген.

Бір жарым сағатқа жалғасқан спектакльді тамашаған көрермендер драмалық қойылымнан мол әсер алып шықты.

Премьераның соңында әртістерге облыс әкімі Ерік Сұлтановтың атынан ықылас гүлі табысталды.

Бакыт Садуакасов.