Өнеркәсіп

“Қызылжар су” ЖШС өздеріне тағылған айыппен келіспей отыр

Сергей Визеров, “Қызылжар су” ЖШС бас инженері

–  Лас судың Есілге ағу фактісін растаймыз. Бірақ, өзенге құйылған қалдықтардың көлемі тым аз. Біз олқылықты 1 тәуліктің ішінде ауыздықтадық. Ластанған су үлгілерін алу кезінде кәсіпорынның мамандарын ешкім шақырған жоқ. Көктем кезінде еріген қар суынан өзенге түсетін аммоний мен темірдің мөлшері 100 есе артып жатады.

Сергей Визеров Омутки көліндегі бөгеттің жағдайы мүшкіл дейді. Біраз уақыт бойы оны жаңғыртуға қаражат бөлінбей келген. Алайда кәріздік тазалау жүйелері қайта құру бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаржыға жөнделіп жатыр. Нәтижесінде алдағы жылдары мемлекет қолдауының арқасында суды тазалау сапалы болмақ.

Сергей Визеров, “Қызылжар су” ЖШС бас инженері

– Жалпы бұл мақсатқа бөлінген қаражат 4,9 млрд теңгені құрайды. Өткен жылы 400 млн теңге, биыл 700 млн бағытталды. Алдағы жылдарға 2,6 млрд теңге қарастырылған. Осылайша, 2016 жылы толық биологиялық тазалау үрдісін іске қосамыз.

“Қызылжар су” ЖШС прокурорлардың тексеріс қорытындысымен келіспеуде, алайда табиғатқа келтірілген 5,5 млн теңге экологиялық шығынның орны толтырылады дейді кәсіпорынның басшылығы.

Риат Шони.