Қоғам

Қазақстан Республикасының «Кәсіподақтар туралы» заңына қол қойылды

Гүлнәр Жұмагелдиева- ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары

– Бұл заң жобасында ұйымдарға тән міндеттер мен құқықтар нақты бекітілген. Республикалық, жергілікті және салалық кәсіподақ ұйымдарының ара-жігі бөлініп қарастырылған. Жалпы барлық мекемелерде ең алдымен қызметкерлердің құқығы қорғалуы керек. Биыл Елбасы «Еңбек» орденін тағайындап отыр. Ол жұмысшы қауымның беделін асыруға септеспек. Үстіміздегі жылы 28 қыркүйекте еңбек мерекесі тойланады.

Бүгіндері облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті құрамында 30 мың адам бар. 625 мекемені қамтып отырған одақтың мүшелері бір ауыздан жаңа заң жұмыс беруші мен еңбек адамының арасындағы әлеуметтік диалогты қалпына келтіруге көмектесетіндігін айтуда.

Назымбек Оразымбетов- Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы

– Егер жұмыс беруші мен жұмысшының арасында сондай бір мәселе туындаса, онда осы келісімге келуге болады. Оны екі ортаны бір-бірімен достастыру деп айтар едім. Сондықтан барлығын келісіммен шешу керек.Бізде білім саласында қалай? Бұрын егер адам 1 ставкада істеп жүрсе, ешкімнің келісімінсіз оны жарты ставкаға немесе 0,2 ставкаға ауыстырып жіберетін. Енді оның барлығы келісімшартпен реттеліп отырады.

Бүгіндері өңірімізде мыңнан астам кәсіподақ ұйымы бар.

 

Магжан Ахмадина.